• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
07.11.2026, 00:58
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл ауданындағы ауыл тұрғындары мектеп салу мәселесін көтерді

turan_admin turan_admin
30.01.2021, 15:56
Облыс жаңалықтары
Жамбыл ауданындағы ауыл тұрғындары мектеп салу мәселесін көтерді
296
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл ауданы Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзееваның есеп беру жиынында жергілікті тұрғындар облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтан Шоқай ауылында 150 орынды мектеп салу мәселесін көтерді. Ұсыныс қолдау тапты, алайда сметаны қайта қарау керек. Себебі, аталған құжат бойынша шағын білім беру нысанының жобалық құны 830 миллион теңгені құрап отыр десек, бұл өз кезегінде сұрақ туындатпай қоймайды.

Сондай-ақ, Бірлесу Еңбек ауылына балабақша керек десек, бұл мәселенің жауабы Нұрсұлу Дүзееваның баяндамасын талқылау барысында табылды. Жөндеуден өткізілген соң ескі мектеп ғимаратында мектепке дейінгі мекеме ашылатын болды. Ал Шоқай ауылында демеушілер есебінен ауылдық клуб салынбақ.

Нұрсұлу Дүзееваның айтуынша, округтің екі ауылын қосқанда жалпы 2065 адам тұрады. Өткен жылы 4,1 мың гектар алқаптан 27 тонна түрлі дақыл жиналған десек, оның ішінде дәнді және бақша дақылдары, қызылша, жүгері, картоп бар. 145 гектарға тамшылатып суару әдісі қолданылады. Барлығы 303 шаруа қожалығы тіркелген. Бордақылау алаңдары салынып, балық шаруашылығы дамуда.

Шамамен 200 адам жақын маңдағы «НДФЗ» және «КнауфГипс-Тараз» ірі кәсіпорындарында еңбек етеді. АӘК алушылар саны 57-ден 5-ке дейін қысқарған, 59 ауыл тұрғыны грантқа ие болған. Пайдаланусыз жатқан 186 гектар жерге тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып, жеміс бақшаларын құру жұмыстары жоспарлануда. Ағымдағы жылы инженерлік инфрақұрылым жүргізу және жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрғандарға 1800 жер телімін беру көзделуде.

— Мемлекеттік даму бағдарламаларының мүмкіншілігін, әсіресе мал шаруашылығында тиімді пайдалану қажет. Әкімдердің басты міндеті — халыққа мемлекеттік қолдаудың артықшылықтарын түсіндіру екенін үнемі қайталап келемін. Аграрлық секторды дамытудағы кедергі — шаруа қожалықтарының шашыраңқылығы. Егер сіздер біріксеңіздер, ол жұмыстарыңызда серпіліс жасауға үлкен мүмкіншілік болар еді.

Тағы бір мәселе — ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібінің тұралауы. Облыс орталығына іргелес жатқан аудандар Тараз қаласын көкөністер мен жемістермен толық қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаларға сүйене отырып, белсенді түрде қайта өңдеу цехтарын құрып, сақтау қоймаларын салу қажет. Осы мақсатта «Тараз» ӘКК-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасау маңызды.

Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтудеміз. Еліміздің өткен кезеңдегі жетістіктерін сауатты және жан-жақты насихаттау, ұлттық дәстүрлерімізді, отбасының рөлі мен маңыздылығын жаңғырту қажет, — деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Меркіде табиғи парктің жаңа ғимараты ашылды

Меркіде табиғи парктің жаңа ғимараты ашылды

06.11.2026, 17:57
Жамбыл Сматов: «Сіздің сеніміңіз – менің жауапкершілігім!»

Жамбыл Сматов: «Сіздің сеніміңіз – менің жауапкершілігім!»

05.11.2026, 13:06
Қағаздағы профилактика баланы құтқармады: Жамбылда шенеуніктер жазаланады

Қағаздағы профилактика баланы құтқармады: Жамбылда шенеуніктер жазаланады

05.11.2026, 07:33
Ербол Қарашөкеев ұлттық құрама бапкерлерімен жүздесті

Ербол Қарашөкеев ұлттық құрама бапкерлерімен жүздесті

04.11.2026, 15:47
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ ҚҰМШАҒАЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

06.11.2026, 18:41

Меркіде табиғи парктің жаңа ғимараты ашылды

06.11.2026, 17:57

«Ұстаздық жолдан – қоғамдық жауапкершілікке»: Айтолқын Мазболдиева

06.11.2026, 17:06

«Адал еңбек – ел дамуының негізі!» – Бағдат Момынов

06.11.2026, 16:47

«Ауылдың дамуы – елдің өркендеуі!» – Нуритдин Бегманов

06.11.2026, 15:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.