• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл ауданында 350-400 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде

turan_admin turan_admin
09.11.2021, 14:39
Аудан жаңалықтары
Жамбыл ауданында 350-400 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде
90
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қолайлы іскерлік ортаны, бизнеске тиімді қолдау көрсетуді және бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің бизнес-дағдысы мен құзыретін жетілдіру, инвесторларға қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударып, Үкіметке бірқатар тапсырманы жүктеді.

Бұл бағыттағы игіліктерді жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер жердің құрылымынан бастап, ауа райына дейін баса мән беретіні белгілі. Ал, Тараз қаласымен іргелес жатқан Жамбыл ауданының географиялық орналасуы инвесторларды тарту, кәсіпкерлікті дамыту бойынша әлеуеті жоғары өңірлердің бірі болып саналады. Аудан аумағында бірқатар ұзақ мерзімді инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Ауданның негізгі даму бағыты ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан және облыс орталығына жақын орналасқандығын ескере отырып жобалардың басым бөлігі егін және мал шаруашылығына бағытталған. Ауданда 4500-ге жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс жасайды. Бүгінде бизнес субъектілерінде 7100 азамат тұрақты жұмыспен қамтылса, соңғы үш жылда ауданға 78 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Атап өтер болсақ, 2020-2024 жылдар аралығында өңірде жалпы сомасы 35 млрд теңгеге 8 жоба жүргізіліп, алдағы уақытта жаңадан тұрақты жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Қысқаша тоқталсам, «Жамбыл Ет МS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Полатқосшы ауылдық округі аумағынан 1500 бас ірі қара малын бордақылау алаңын салуға 1,5 млрд теңге, Аса ауылдық округі аумағынан «Алель Агро» ЖШС жылына 2,5 мың тонна сапалы құс етін өндіретін фабриканың құрылысына 2,5 млрд теңге инвестиция салмақ.

Ал, «Аса Агро» ЖШС ет бағытындағы құс фабрикасын іске қосу үшін 8 млрд теңге жұмсауды көздеп отыр. Құрылыс жұмыстары аяқталса, тәулігіне 2 тонна 700 келі, жылына 21 мың тонна бройлер етін сатылымға шығармақ. Жылдық қуаттылығының артуына байланысты 35-ке жуық жаңа фабрика іске қосылмақ. Айшабибі ауылдық округі аумағынан «Родина» серіктестігі 300 гектарға 150 МВТ күн сәулелі электр станциясын салуға 16,8 млрд теңге бөліп, жұмыстар жүргізуде. Ақбастау ауылдық округінен «КазФос» ЖШС жылына 8 мың тонна натрий гексаметофосфатын өндіретін желінің ауқымын кеңейту үшін 2 млрд теңге қаражат қарастыруда. «АCA DAMU» ЖШС құс фабрикасының 4-корпусына 200 млн теңге бөліп, жақында жұмысын бастайды. «Данвер-Т» ЖШС Қаракемер ауылында 120 гектарға жылыжай кешенінің құрылысын салуға 2,5 млрд теңге аудармақ. Ал, «Супер Фарм» ЖШС екпеге арналған шприцтер шығаратын зауыттың үшінші корпусының құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсап, жұмыстарды өз мәресіне жеткізді. Егер жоғарыда аталған жұмыстар белгіленген уақыт аралығында аяқталса, өңірде 350-400 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлап отырмыз. Инвесторларға құрылыс жұмыстарын жүргізуге жергілікті тұрғындарды тарту мәселесі қойылған

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

12.08.2026, 17:50
Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

21.07.2026, 09:02
Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

17.06.2026, 20:42
Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

14.06.2026, 19:39

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.