Іс-шараның мақсаты – заңсыз көші-қонның және рұқсатсыз еңбек қызметінің алдын алу.
Шараның алғашқы күнгі нәтижесіне сәйкес, Жамбыл облысында ҚР көші-қон заңнамасын бұзу бойынша – 111, шетелдіктерді, азаматтығы жоқ азаматтарды жұмысқа қабылдаған 25 кәсіп иелері, шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді заң бұза отырып қабылдаған – 10 құқық бұзушы анықталды.
Сонымен қатар, 34 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.
Сондай-ақ, Шу ауданындағы еңбек биржасында Қытай Халық Республикасының 10 азаматы рұқсатсыз жұмыс істегені белгілі болды. Компанияға 700 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарды көші-қон заңдарын сақтауға және заңсыз әрекеттер туралы жедел түрде хабарлауға шақырады.
Жамбыл облысы ПД







