• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Ырысқа бастайтын ымыра

11.05.2017
0
Ырысқа бастайтын ымыра
298
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Өзбекстанның Жизақ облысынан келген делегация өкілдерінің қатысуымен өңіраралық экономикалық ынтымақтастық туралы жиын өтіп, онда Жамбыл облысының əкімі Кәрім Көкірекбаев пен көрші ел облысының хокимі Ұлықбек Узаков бірқатар сала аралық байланыс бойынша меморандумдарға қол қойды.

«Өзбек – өз ағам, сарт — садағам», – деп атам қазақ өзбек ағайындарға ізеттілікпен сыйластығын білдірген. Сондықтан болса керек екі елдің ежелден тарихы – ортақ, тамыры – бір. Әрі мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен салт-дәстүрі қатар дамыған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан халықпыз. Бұрыннан ауылы – аралас, қойы – қоралас жатқан, төскейде малы, төсекте басы қосылған ел екеніміз тарих бетінде қашаулы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл үрдіс өзбек халқымен де берік орнаған. Екі ел арасында орныққан өзара әріптестік бүгінде облыстар арасында өз жалғасын табуда. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзеевтің ең алғашқы шетелге ресми сапарын ағымдағы жылдың 22 наурызында Қазақстаннан бастауыда осы байланыстардың одан ары дамуын аңғартса керек. Осындай бауырластық қарым-қатынас аясын Әулиеата өңірімен Жизақ облысы одан әрі нығайта түспек.

«Қоғамдық келісім» мекемесінде өткен өңіраралық экономикалық ынтымақтастық туралы жиынға Жизақ облысының хокимі Улугбек Узаков, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаров бастаған делегация мүшелері мен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев аймақ басшысының орынбасарлары, облыстық мәслихаттың хатшысы, Тараз қаласы мен бірқатар аудандардың әкімдері, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, жоғары және арнайы орта оқу орындарының, медициналық ұйымдар мен өндірістік кәсіпорындардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, өзбек этно-мәдени орталығының өкілдері қатысты. Басқосуда облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев әуелі өңір халқының 2,7 пайызын өзбек ұлтының өкілдері құрайтындығын айтып, олар бүгінде бейбітшілік салтанат құрған қоғамда тіршілік етіп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ аймақ басшысы Тараз қаласының тарихы 2000 жылдан асатындығын тілге етіп, қазіргі таңда 1,1 млн. халқы бар облыстың тарихына тоқталып өтті. Және бүгінгі күні облыс аграрлық-индустриалдық бағытта дамып жатқандығынан хабардар етіп, өңірде фосфор, кварци, алтын, мыс, уран өндіру ошақтары бар екендігін мәлім етті. Сонымен қатар аймақтағы 372 кәсіпорында 30 мыңнан аса адам жұмыс жасайтындығын да атап өтті.

– Біздің өңірдің негізгі әлеуеті химия саласы бойынша байқалады. Бүгінде химия өнеркәсіп орындары өндірілген өнімнің 70 пайызын экспорттауда. Оның ішінде «Казфосфат» ЖШС ауқымды жұмыс атқару үстінде. Сондай-ақ көлемді инвестициялық жоба аясында ресейлік «Еврохим» компаниясы аталған сала бойынша ілкімді жұмыс жүргізуде. Олар жылына құны 2,4 млрд. АҚШ доллары болатын 1,4 млн. тонна минералды тыңайтқыш өндіруде, – деген Кәрім Нәсбекұлы экономиканы алға ілгерілетуші бағыт туризм екендігін айтып, облыста бұл сала бойынша да қолға алынып жатқан жұмыстар легіне тоқталды. Сонымен қатар аймақ басшысы Жизақ облысының хокимі Улугбек Узаковқа келесі айда Астана қаласында бастауын алатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне шақыру билетін ұсынды.

Өз кезегінде Улугбек Узаков облыс басшылығының қонақжайлылығына дән риза екендігін білдіріп, Жамбыл облысын үлкен инвестициялық орталық екендігіне көз жеткізгендігін айтты. Сондай-ақ ол өңірде химия саласы өнеркәсіп орындарының алатын маңызы жоғары екендігіне де тоқталды.





– Біздің өңірдің кәсіпкерлері сіздердің кәсіпкерлеріңізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға қызығушылық танытып отыр. Бұл өңірде құрылыс саласы кең етек жайып келе жатыр екен. Әрі құрылыс заттарын өндіретін зауыттар да көптеп салынуда. Бұл бағытта әріптестік қажет-ақ. Күні кеше «Жүрек» клиникалық және облыстық перинеталдық орталықтарда болып, жұмыс барысымен таныстық. Осы денсаулық және білім саласы бойынша да тәжірибе алмасқымыз келеді. Облыс Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан әрі тарихи орындар көп болғандықтан туризм бағытында да әріптестік қатынас орнату қажет, – деді Жизақ облысының хокимі Улугбек Юлдашұлы. Хоким Жамбыл облысы басшылығын Өзбек жеріне шақырып, асыға күтетіндіктерін жеткізді.
Шарада Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев пен Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаров сөз тізгіндеп, екі облыстың да тарихи орындарға бай екендігін алға тартып, бір бағытта дамып келе жатқандығын сөз етті. Сондай-ақ олар мұндай кездесулер үлкен нәтиже беретіндігін де тілге тиек етті.

Мұнан соң екі елдің облыс басшылары бастаған топ өндіріс, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық және туризм бағыттары және өңірлер арасында экономикалық байланыс бойынша меморандумдарға қол қойды. Бұдан бір күн бұрын екі облыстың кәсіпкерлері әріптестік қарым-қатынас бойынша 4 өзара меморандумға қол қойып, бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласқан болатын.

Негізгі шарадан соң облыс әкімі Өзбек делегациясын «Көне Тараз» музейімен таныстырды. Сондай-ақ Көне Тараздың өркениетінен мұра болып келе жатқан Қарахан кесенесінде де болып, баба рухына тәу етті.

Шынболат Сейдуалиев

Тегтер: ДжизакЖамбыл облысыЖизақӨзбекстанТаразбен достықынтымақ

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты