• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
05.10.2026, 19:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТУРИСТІК НЫСАНДАРҒА КӨҢІЛ БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ

turan_admin turan_admin
26.10.2020, 18:02
Облыс жаңалықтары
ТУРИСТІК НЫСАНДАРҒА КӨҢІЛ БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ
208
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тасын түртсең соқтықпалы соқпағы көп тағдыршешті оқиғаларды еске түсіретін өңіріміз тарихи ескерткіштер мен бағзы заманнан бері іргесі бұзылмай саф күйінде сақталған дүниелерге өте бай. Соның ішінде ауданымызда 221 тарихи-мәдени ескерткіштердің орны анықталған.
Өткен жұмада облыс әкімінің орынбасары Алмас Мадиев жұмыс сапарымен ауданымызда болып, Айшабибі ауылдық округінен орын тепкен «Әулие-бастау» мен «Таскөл» туристік нысандардың бүгінгі жағдайымен етене танысты.
Алдымен Алмас Өскенбайұлы «Әулие-бастау» бұлағының жанында (VI –XIII) ғасырлар меғдарындағы Әулиебастау қалашығының құрылымы мен тарихына зер салды. Бұл қалашық Орта Азияға іссапармен барған орыс шығыстанушысы В.В.Бартольдің еңбегінде: «Абдуррахман» деген атпен қалған. «Әулие-бастау» бұлағының суы жыл он екі ай бір температураны (+16) сақтап тұрады. Бұлақ суының құрамында адам денсаулығына оң әсер ететін 17 түрлі микроэлемент бар. Олардың негізгісі магний, калий, иод. Облыс әкімінің орынбасарына мұндағы мақсаты жоспар-жобасы жайлы жергілікті кәсіпкер Еркін Өскеленов түсіндіріп берді.
– Мал жайылымға арналған 50 гектар жерді осы маңнан заңдастырып, бүгінде негізгі асфальт жолдан қалашыққа дейінгі жолға майда тас төсеп, көлік тұрағын асфальттадық. Алдағы уақытта қалашықтың маңынан бірқатар нысан салып, жабық орындықтар орналастырып, айналаға тал-дарақтар егіп, келушілердің емделуіне қолайлы жағдай туғызып, демалыс орнына айналдыруды көздеп отырмыз. Ол үшін 100 млн теңге қажет, – деді ол.
Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы, облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев сөз алып, аталған демалыс орны жақсы табыс көзі екенін, жыл сайын келушілердің саны артып келе жатқанын тілге тиек етті.
Кәсіпкердің жоспарына риза көңіл танытқан Алмас Өскенбайұлы алдағы уақытта қолдау білдіруге күш жұмсайтынын жеткізіп, тиісті сала басшыларына қажетті құжаттарды әзірлеуді тапсырды.
Мұнан соң Алмас Өскенбайұлы «Таскөл» туристік нысанында болды. Мұнда балық өсіруге және балық аулаушыларға арналған демалыс орындарын салуға мұмкіндік бар. Кәсіпкер Абай Асылов мұнда карп, сазан, карась, щуна және басқа балық түрлері кездесетінін, «Таскөлді» туристік демалыс орнына айналдыруға шамамен 200 миллион қаражат қажеттігін айтты. Ол үшін алдымен негізгі асфальт жолдан «Таскөлге» дейін 2,8 шақырым асфальт жол салынып, жарық тартылуы қажет екен.
Ал мұндағы іс-шараны қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Алмас Мадиев туристік нысанға көңіл аударатынын, жарық мәселесінің шешілуіне ықпал жасайтынын басып айтты.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08

«Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

28.09.2026, 21:18
«Менің отбасым – менің мақтанышым» облыстық отбасылық байқауы өтті

«Менің отбасым – менің мақтанышым» облыстық отбасылық байқауы өтті

28.09.2026, 20:55
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

05.10.2026, 19:05

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59

Тараздағы қанды оқиға: 24 жастағы жігітті пышақтап кетті

05.10.2026, 15:55

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.