• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТЕАТР.ТАНЫМ.МӘДЕНИЕТ

turan_admin turan_admin
07.08.2021, 13:42
Облыс жаңалықтары
ТЕАТР.ТАНЫМ.МӘДЕНИЕТ
1.2k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

Ғылыми әдебиеттерде берілген анықтамаларды және қоғамдық пікірді ескерсек, шынында, театр — өмір айнасы. Театр тұлғаның өзін қадағалауына, күйбең тірлікте мән бермей жүрген дүниелерін айнаға қарағандай өзінен табуға септігін тигізеді. Театрға бару арқылы тұлға жеке өзін басқа бір қырынан тануға, қоғамдық өмірден оқшау еместігін, оның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алады. Театрдағы қойылымның тереңіне барып, бір адамның өмір жолынан өзінің өмірін көруі, өзгелердің айтқан сөздерінен өзінің дауысын, үнін естуі әбден мүмкін. Театр – адамгершілік құндылықтарға, мәдениеттілікке, имандылыққа бастайтын баспалдақ деп бағамдасақ та артық емес. Себебі, «театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын»,-дейді Шәкен Айманов.

Бүгінгі күні атаның тәлім-тәрбиесін, әженің өнегелі әңгімесін қажет ететін, яғни, рухани тұрғыдан шөлдеген балалар үшін және жалпы қоғам үшін театр таптырмас мүмкіндік, қолымыздағы бағалана бермейтін алтын қазына. Бүгінгі күні қоғам театрды қалай бағалайды? Себебі, жоғарыда айтқанымыздай, театрдың тәрбиедегі рөлі ерекше. Мәселен, өмірдегі ақ пен қараны, жақсылық пен жамандықты айыратын таным дүниесі арқылы, ақыл-ой арқылы тұлғаны жақсылыққа шақырып, жамандықтан жирендіруге, тәрбиелеуге болады. Қойылымдағы рөлін шын сомдаған актерді көре отырып, оның бойындағы адами қасиеттерді назарға алып, адамның  рухани дүниесіне қажеттінің бәрін алуға болады.  Бүгінгі біздің тұлғалық мәдениетіміздің деңгейі – театрға баруымызбен  өлшенсе, онда біз қандай деңгейдеміз деген орынды сауал туары анық.

Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының мәліметіне сүйенсек облыс театрларында бүгінгі таңда 9215 көрерменге 125 қойылым ұсынылып, репертуарларын толықтыру мақсатында әр түрлі жанрда 9 жаңа қойылым сахналанған екен. Ал Жамбыл облыстық қазақ драма театры 7041 көрерменге 88 қойылым ұсынып, репертуарларын толықтыру мақсатында әр түрлі жанрда 5 жаңа қойылым сахналаған. Олардың қатарында «Шекпен» әпсанасы,  «Абылай хан» тарихи драмасы, «Жүрейікші жүрек ауыртпай» трагикомедиясы мен «Ана-Дала», «Айболит пен Қарақшы» ертегі-қойылымдары бар. Жамбыл облыстық орыс драма театры 5867 көрерменге 93 қойылым ұсынып, репертуарларын толықтыру мақсатында әр түрлі жанрда 4 жаңа қойылым сахналаған.

Әлем елдерінде театрдағы қойылымдар үшін билеттер алдын-ала сатыла бастайды және бұл жылдар бойы қалыптасқан қағида десек те болады. Ендеше, театр билеттерінің бағасына тоқталайық. Бұл жүйе бойынша біз де арнайы билет сатылымдарын жүзеге асыратын сайттарды щолып көрдік. Мәселен, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында билет бағасы 3 000 теңгеден, Мемлекеттік қуыршақ театрында 1 000 теңгеден, Нұр-Сұлтан қуыршақ театрында 1 000 теңгеден деп көрсетілген.  Ал М.О.Әуезов атындағы драма театрда музыкалық-драмалық спектакльге билет құны 9 000 – 15 000 теңге деп көрсетілген. Жамбыл облыстық қазақ драма театрындағы билеттің бағасына назар аударайық. Мәселен, мұнда оқушыларға — 300 теңге, студенттерге – 400 теңге, үлкендерге — 500 теңге. Сонымен қатар, облыстық қазақ драма театрының ақпараттық порталында кейбір сахналық қойылымдарға кіру тегін екені жазылған. Бүгінгі қоғамда ата-әжесіне ерген немерелер, ата-анасына еркелеген балалар, басқа да әлеуметтік топтар театрға баруды дәстүрге айналдырса,  рухани дүниеден азық алса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: қойылыммәдениетсахнаТеатр
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.