Бұл бағыттағы шаралар аудандық полиция бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесуімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы («Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу») шеңберінде іске асырылуда.
Жыл басынан бері жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан 505-баптың 1-бөлігі бойынша 627 әкімшілік хаттама толтырылып, заң бұзған тұлғаларға 173 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал осы баптың қайталанып жасалған құқық бұзушылықтарды қамтитын 2-бөлігі бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылып, салынған айыппұл мөлшері 259 500 теңгені құрады.
Ауылдық округтер бөлінісінде жүргізіліп жатқан мұндай бақылау іс-шаралары қоғамдық орындарда тазалық режимін сақтауға септігін тигізуде. Тәртіп сақшылары мен жергілікті әкімдік өкілдері алдағы уақытта да аудан аумағында санитарлық талаптардың бұзылуына жол бермеу, заңнама талаптарын түсіндіру және тұрғындардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.







