Тараз қ. Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде тұратын пәтер иесінен белгісіз адамдардың үйіне ұрлыққа түскендігі туралы хабарламасы келіп түскен. Дәл осындай шақыртумен сол күні тағы бір қала тұрғыны хабарласты.
Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының 36 және 25 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олардың үйінен барлық айғақ заттар (5 дана жылытқыш батареялары, жеке заттар салынған чемодан, теледидар, ноутбук, 15 үстел және т.б.) табылып, тәркіленді. Күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Екі үйге келтірілген шығынның көлемі 1 миллион 375 мың теңгені құрайды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.