• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.10.2026, 01:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда ұзындығы 850 метрлік «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді

turan_admin turan_admin
15.12.2021, 00:53
Қала жаңалықтары
Таразда ұзындығы 850 метрлік «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді
279
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласында таңғажайып демалыс орны – «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жобасы аясында салынған нысан құрылысы «Қазфосфат» ЖШС-інің демеушілігімен жүзеге асқан. Ол үшін серіктестік 300 млн. теңге қаржы жұмсаған. Қайта жаңғыртудан соң тамаша кейіпке енген жағалаудың ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

— Облыс орталығы саналатын Тараз қаласы көптеген қонақтар мен туристердің тұрақтайтын орны. Сондықтан шаһардың шырайын арттыру, жайлы орта қалыптастыру – біздің мерейлі міндетіміз. «Таразға тарту» жобасы аясында жыл басынан бері қаншама аллеялар, саябақтар жөнделіп, салынып, пайдалануға берілді. Көпқабатты үйлердің қасбеттері сырланды. Көркем гимнастика және үстел теннисі спорт кешені, Анаға тағзым орталығы, Ана мен бала сквері және тағы да басқа нысандар бой көтерді. Бұлардың барлығы демеушілердің қолдауымен іске асты.Бүгінгі «Үшбұлақ» жағалауын да өңіріміздегі ірі кәсіпорын «Қазфосфат» ЖШС-і салып беріп отыр. Бұл жағалау тараздықтар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналарына сенімдімін,-деген аймақ басшысы аталған компания басшылығы мен жұмысшыларына тұрғындар атынан алғыс айтып, Алғыс хат табыстады.

Тараз – тек Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Тарихы терең қаланың ажарын арттыру жолындағы біздің жұмысымыз өз нәтижесін берді деп ойлаймын. Осыған өз үлесімізді қосқанымыз біз үшін үлкен мәртебе. Шаһарымыз көркейіп, дами берсін,-деді ЖШС бас директоры Нұрхан Нұрланұлы.

Бұдан соң қонақтар облыс әкімімен бірге жаңа нысанды аралап, танысты. Айта кетейік, жағалау Д.Қонаев көшесінен Зербұлақ көліне дейін жалғасады. Ұзындығы – 850 метр. Жағалау жаяу жүргіншілер жолынан басталады. Су ортасында диаметрі 19 метр болатын «Жасанды арал» (пирс) салынған. Аралда қазақы жылнамадағы жыл басы болуға таласқан жануарлардың мүсіндері орналасқан. Жасанды арал көпір арқылы жаяу жүргіншілер жолына қосылған. Жағалаудың сол жақ қанаты мәрмәр түйіршіктерінен жасалған ою-өрнектермен безендірілген. Ұзындығы 60 метр болатын аспалы көпір де күрделі жөндеуден өтіп, түнгі жарықтандырумен қамтылған.

Сондай-ақ, мұнда заманауи «Street workout» спорт алаңшасы мен әткеншек орналасқан. Ұзындығы 450 метрді құрайтын веложол да бар. «Үшбұлақ» жағалауы бойында 3 пандус, 40 орындық пен қоқыс жәшіктері қойылған. Жаяу жүргіншілер жолына 4 мың шаршы метр өрнектас төселген.

Жағалауға келушілерге барлық жағдай жасалған. Күн батқанда қосылып, таң атқанда өшетін жарықтандыру бағандары мен 1000 шаршы метрлік көлік тұрағы салынған.Жағалау кеңейтіліп, түбі тегістеліп, балдыр басып кетпес үшін  қиыршық  тас төселген. Алдағы уақытта жағалау суына балық жіберу жоспарлануда.

— Жыл өткен сайын сүйікті қаламыз жаңарып, көркейіп келеді. Биылдың өзінде көптеген демалыс орындары пайдалануға берілді. Бүгінгі жағалау да біз үшін мереке қарсаңындағы тамаша тарту болып отыр. Мемлекет, облыс басшылығына, осыған атсалысқан кәсіпорынға үлкен алғысымызды айтамыз,-дейді қала тұрғыны, зейнеткер Қадіркүл Әлімқұлова.

 

 

 

 

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тараздағы қанды оқиға: 24 жастағы жігітті пышақтап кетті

Тараздағы қанды оқиға: 24 жастағы жігітті пышақтап кетті

05.10.2026, 15:55
AI әр әйелге қолжетімді: Таразда Women in Tech Kazakhstan тегін оқыту мен цифрлық қауіпсіздық туралы кездесу өткізді

AI әр әйелге қолжетімді: Таразда Women in Tech Kazakhstan тегін оқыту мен цифрлық қауіпсіздық туралы кездесу өткізді

03.10.2026, 14:05
Таразда Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтпейтін болды

Таразда Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтпейтін болды

25.09.2026, 18:28
«Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы» байқауы өтті

«Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы» байқауы өтті

23.09.2026, 17:31
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

09.10.2026, 19:43

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26

Азамат үні — ел дамуының негізі

09.10.2026, 14:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.