• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.10.2026, 23:39
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда «Жігерлі жастар – ел болашығы» атты облыстық жастар форумы өтті

Басқосуға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілер, Президенттік және өңірлік кадр резервінің мүшелері мен өңір студенттері қатысты.

Turan Redaktor Turan Redaktor
28.11.2024, 14:45
Облыс жаңалықтары
Таразда «Жігерлі жастар – ел болашығы» атты облыстық жастар форумы өтті
82
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Форум мемлекеттік қызметтің мәртебесін одан әрі көтеруді, жас түлектерді мемлекеттік қызметке тартуды, жастарға қолдау көрсету мен олардың әлеуетін арттыруды көздейді. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті ұйытқы болды.

— Еліміздің өсіп-өркендеуі, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі мемлекеттік қызметшілердің жұмысына тікелей байланысты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің І форумындағы сөзінде «Мемлекеттік қызметшілер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары» деп атап өткен болатын.

Өздеріңізге мәлім, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белсенді жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту мәселесіне ерекше ден қойып отыр. Осында отырған әрбір жас буынның ел басқару ісіне араласатын уақыты алыс емес.

Еліміздің өркениетті даму жолында болашақ жастардан, яғни өздеріңізден күтер үмітіміз зор, — деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы — ректоры Мұхтар Байжұманов, Ш. Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институтының ректоры Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, жастарға ағалық ақылдарын айтты.

Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға берілген бірегей мүмкіндік.

Өңірде аталған резервтің екі мүшесі басшылық қызметке тағайындалып, жемісті еңбек етуде. Оның бірі, форумда сөз алған «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Берік Манасов. Ол еңбек жолына тоқталып, тәжірибесімен бөлісті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл өңірлік жастар кадр резерві құрылды. Оған 26 дарынды жамбылдық жас іріктелініп алынды. Бүгінде резевр мүшелері Балаби Түменбаев (Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы) пен Жандос Рүстембаев (Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы) конкурссыз негізде қызметке тағайындалды. Резервшілерді жауапты қызметке тағайындау жалғасады.

— Киелі Әулиеата өңірінің аядай ғана ауылында дүниеге келіп, өзім туып-өскен ауданның тыныс-тіршілігіне, қоғамдық-саяси өміріне етене араласып, бүгінде үлкен жауапкершілік жүктелген мемлекеттік қызметте тер төгіп жүргенімді мақтан етемін, — дейді Өңірлік жастар кадр резервінің мүшесі Балаби Түменбаев.

Елімізде жас мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау тетіктері жеңілдеді. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарын жақсы нәтижемен аяқтаған студенттер аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданады. Өңірде осы мүмкіндікті оқуын сәтті аяқтаған 32 жас түлек пайдаланып, мемлекеттік қызметке орналасты.

Форумның мінберінде мемлекеттік қызметке конкурссыз өткен Байзақ ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Шохрух Гафуров, Мойынқұм ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы Айханым Серікова сөз сөйлеп, замандастарын оқуда озат болуға, өңірді өркендетуге үлес қосуға шақырды.

Басқосудың қорытынды бөлігінде жастар өзара пікір алмасып, тағлымды ой түйіп тарқасты.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 35 жасқа дейінгі 1400-ден аса жас мемлекеттік қызметші бар.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: FORUMЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысыжастар
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49
Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31
Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25
Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

12.10.2026, 15:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.