• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
05.10.2026, 20:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда Жеңіс күніне орай «Жылжымалы концерт» ұйымдастырылды

turan_admin turan_admin
09.05.2021, 15:33
Облыс жаңалықтары
Таразда Жеңіс күніне орай «Жылжымалы концерт» ұйымдастырылды
253
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Карантиндік шектеулерге байланысты Тараз қаласында Жеңіс күні ерекше форматта атап өтілді. Қала тұрғындары үшін «Жеңіс экипажы» ұйымдастырылды, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалардың басшылары ардагерлерді мерекелерімен арнайы құттықтады.

Қарт-майдангер Әшірбек Сәрсенбиев Запорожье қаласын азат етуге және Балтық жағалауындағы, Германиядағы ұрыстарға қатысқан. Ол Ұлы Жеңісті Берлинде қарсы алған. Майданнан оралғаннан кейін түрлі салаларда жұмыс істеді. Биыл ардагер 101 жасқа толды. 7 бала тәрбиелеп олардан 29 немере, 58 шөбере мен 5 шөпшек сүйіп отыр.

— Сіздің өмір жолыңыз – өскелең ұрпақ үшін өнегеге толы. Жеңіске жетуге сіздердің қосқан үлестеріңіз орасан. Сіздердің арқаларыңызда біз бүгін бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүріп жатырмыз. Онсыз даму мүмкін емес, — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек ардагерді құттықтай отырып.

Бұдан соң аймақ басшысының орынбасары биыл 95 жасқа толған Виктор Долгановтың үйіне барды.

— Жас ұрпақ бейбітшіліктің бәрінен қымбат екенін әрдайым есте ұстауы тиіс. Біздің ұрпақтарымыз енді мұндай сұмдықты көрмеуін тілеймін, — дейді Виктор Долганов.

Жеңіс күніне орай Тараз көшелерінде «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» мерекелік акциясы аясында соғыс жылдарының әндері шырқалды. «Жеңіс экипажының» қатысушылары Ұлы Жеңіс, майдан туралы танымал әндерді шырқап, автокөліктермен облыс орталығының шағын аудандары мен орталық көшелері, Жалпақтөбе ауылы, Құмшағал тұрғын алабы, қант зауыты және «за линией» массивтері бойынша жүріп өтті.

Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағынан бастау алған акция  барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды. Концерттік бағдарламалар жол-жөнекей ұйымдастырылғандықтан адамдардың қалың жиналуына жол берілген жоқ.

Өңір өнерпаздары «Ах, Самара, Городок», «Кестелі орамал», «Ана туралы баллада», «Жас қазақ», «Әлия», «Катюша», «День победы», «Три танкиста», «Синий платочек», «Смуглянка», «Ах, эти тучи в голубом» және тағы басқа әндерді нақышына келтіре шырқады.

Сондай-ақ, экипаждағы образдары сомдалған Жамбыл Жабаев, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова бейнелері, абыз ақын Жамбыл Жабаевтың соғыс уақытында шыққан жырлары мен баһадүр-қаламгер Бауыржан Момышұлының күнделігінен оқылған прологтары шараның тағылымдық маңызын арттыра түсті.

Жеңіс күніне орай Жамбыл облысындағы 35 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1 миллион теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, 3400-ден аса тыл еңбеккерінің әрқайсысына 50 мың теңгеден берілді. Сол секілді, соғысқа қатысушылардың 534 жесірі мен мүгедектерінің әйелдеріне де осындай көлемдегі әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ал, Ленинград блокадасы мен концлагерь тұтқынында  болғандарға 60 мың. теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындалды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08

«Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

28.09.2026, 21:18
«Менің отбасым – менің мақтанышым» облыстық отбасылық байқауы өтті

«Менің отбасым – менің мақтанышым» облыстық отбасылық байқауы өтті

28.09.2026, 20:55
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

05.10.2026, 19:05

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.