• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
15.10.2026, 16:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда жаңа оқу жылында бірнеше мектеп пайдалануға беріледі

turan_admin turan_admin
22.07.2021, 10:55
Облыс жаңалықтары
Таразда жаңа оқу жылында бірнеше мектеп пайдалануға беріледі
234
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын кезекті рет аралап, құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтың жанында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Анаға тағзым» орталығы бой көтеруде. Үш қабатты ғимараттың құрылысын «Елім – Строй» ЖШС жүргізуде. Мердігер компания нысанды осы жылдың күзінде тапсыруды жоспарлап отыр.

Мұнда нәзік жандыларға арналып түрлі курстар ұйымдастырылып, оларға құқықтық және психологиялық көмектер көрсетілетін болады. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер үшін тренингтер, қолөнер бөлмелері жұмыс істейтін болады. Ғимараттың алдында аналардың құрметіне арналып ескерткіш орнатылмақ. Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов ескерткіш жергілікті мүсіншілердің қолынан шыққанын атап өтті.

Облыс әкімі нысанның ішкі безендіру жұмыстарын ұлттық нақышта жүргізуді тапсырды.

Тараз қаласының мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының орнында жақында оқушылар сарайы ашылмақ. Қазір 600 орындық тағы бір корпустың құрылысы жүруде. Оның құрылысымен «Тараз құрылыс инвест» ЖШС айналысуда. Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 9,3 мың шаршы метрді құрайды.

Ал, орталықтың ескі ғимаратының өзі жөндеуден өтеді. Жұмыс істеп тұрған үйірмелерден бөлек, кемелерді модельдеу, ұшақ модельдеу, робототехника, IT орталығы, планетарий, обсерватория үйірмелері ашылады.

Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанына назар аударып, құрылыс басқармасына бақылауды тапсырды.

№ 2 орта мектептің апатты ғимараты бұзылып, оның орнына жаңа ғимарат салынуда. Мердігер мекеме – «Талас Құрылыс» ЖШС. Өңір басшысы мектептің жаңа оқу жылына дейін тапсырылуы тиіс екенін атап өтті.

Бердібек Сапарбаев ат басын бұрған келесі нысан №22 орта мектепте де 600 оқушыға арналған жаңа корпустың құрылысы бой көтеруде.

Мектеп директоры Шолпан Диханбаева құрылыс аяқталғаннан кейін қазақ тілді сыныптар санын арттыруды жоспарлап отыр.

Сол секілді Шалғай Қарасу массивінде 600 оқушыға арналған жаңа мектеп салынуда. Мердігер – «ТемірСтройСервис» ЖШС бекітілген кестеден кешігуде. Бердібек Сапарбаев құрылысшылар жұмысты тезірек аяқтау үшін бар күш-жігерін салуы керектігін баса айтты. Өңір басшысы авторлық және техникалық қадағалауға да көңіл бөлді.

Облыс әкімі мектеп аумағын абаттандыруға ерекше назар аударуды және дәліздерді мотивациялық және танымдық суреттермен безендіруді талап етті.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.