Іс-шара алдында қала орталығындағы алаңда жеке құрам жиналып, нұсқаулықтан өтті әрі қызметтік міндеттер таратылды. Рейдке полицияның бірнеше бөлімшесі жұмылдырылды: патрульдік полиция, жол-патрульдік полиция қызметі, арнайы жасақ, сондай-ақ Ұлттық ұлан жауынгерлері қатысты. Күшейтілген құрамның мақсаты — қоғамдық тәртіпті сақтау, көше қылмыстарының алдын алу және тұрғындар арасында құқықтық тәртіпті нығайту.
Іс-шара барысында қызметкерлер қаланың аса қарбалас және адам көп жиналатын аумақтарында патрульдік жұмыстарды күшейтіп, көлік қозғалысын бақылау мен жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіпті қадағалау бағытында жұмыстар жүргізілді. Полиция департаментінде атап өткендей, мұндай кешенді рейдтер жоспарлы түрде, жүйелі негізде жалғасады. Іс-шараның басты мақсаты — қала тұрғындары үшін қауіпсіз орта қалыптастыру және құқық бұзушылыққа жол бермеу.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, кез келген күдікті жағдай туралы «102» сенім телефонына дереу хабарлауға шақырады.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды






