• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.10.2026, 23:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараздағы арықтар құрғамауы тиіс

turan_admin turan_admin
08.06.2021, 10:34
Облыс жаңалықтары
Тараздағы арықтар құрғамауы тиіс
243
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласындағы ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру және дамыту шаралары қалай жүзеге асуда? Бүгінге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесі қандай? Кездесіп отырған кедергілер мен мәселелер бар ма? Бұл сұрақтардың жауаптары облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті кеңес барысында қаралып, жан-жақты сараланды.

        Басқосуда алдымен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков сөз алып, көрсеткіштерге тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылы қаланың ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, «Тараз-Ирригация» ЖШС-мен канал арналары мен арық жүйелері тазаланған. Нақтырақ айтсақ, жер асты суларының деңгейін төмендету мақсатында облыс орталығындағы Байзақ батыр көшесінен Саңырақ батыр көшесіне дейін ұзындығы 1,4 шақырым «Тайвань алқабын құрғату» дренаж каналы және «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабындағы «Үшбұлақ» каналының 800 метр арнасы, Шостакович көшесі мен Тәуке хан көшесі аралығындағы «Қарасу-2» каналы механикалық тазалаудан өтті.

Бұдан бөлек, бюджет қаражаты есебінен 58,2 миллион теңгеге Айша бибі және Тәуке хан көшелерінің бойындағы дренаж каналдарына және 77,6 миллион теңгеге «Үшбұлақ» каналы мен «Әулие-Ата» халықаралық әуежайының маңындағы дренаж каналының арналарына тазарту жұмыстары жүргізілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 19 көшедегі арық жүйелерінің 21309 метр лоток жүйелерін ауыстыру жұмыстары орындалды.

Басқарма басшысы ағымдағы жылғы жоспарлы жұмыстарды да тілге тиек етті.

— Биыл ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарына жалпы 90,0 милион теңге қарастырылды. Оған Қант зауыты мен Тектурмас алқаптарынадағы ирригация жүйелерін және «Үшбұлақ» каналын механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу көзделген. Сонымен қатар, Тараз қаласының көшелерінде науалық желілер мен арналарға арналған тарату шлюздерін орнату жұмыстары басталуда,- деді А. Оразбеков.

Жалпы Тараз қаласы аумағындағы 8 каналдың ұзындығы 82,55 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, 2 дренаж каналы, 1 гидротехникалық құрылыс бар. Ал, ирригациялық арық жүйелерінің жалпы ұзындығы 164 шақырымға жетеді.

 Шаһар басшысы Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, ағымдағы жылы қала көшелеріндегі науалық желілер мен арналарға арналған тарату шлюздерін орнату үшін жергілікті бюджет есебінен 89,1 миллион теңге қаралған. Бұл қаржыға «Әль-Мансур» ЖШС-мен  келісім-шарт жасалып, бүгінде монтаждау жұмыстары 55 пайызға орындалған.

«Бүгінде қала әкімдігі тарапынан канал арналарын тазалау және лоток жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары бойынша  2021-2023 жылдарға арналған  жоспар әзірленіп, бекітілді.3 жылға арналған жоспар бойынша 38,24 шақырым лоток жүйелерін ауыстыру және 6 канал арнасын тазалау жоспарлануда»,-деді Е. Жылқыбаев.

Жиындаканалдардың қорғау аумағындағы 6 кәсіпкерлік нысанының заңсыз орналасқандығы айтылды. Жер телімдерін заңсыз пайдаланып отырған тұлғаларға қатысты заңнама талаптарына сәйкес шара қолдану, нысандарды бұздыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, сапалы әрі уақытылы орындалуын назарда ұстауды тапсырды.

— Өткен жылы құрылған жұмысшы тобына нақты тапсырмалар жүктеген едім. Өкінішке орай, ол тапсырмалар ойдағыдай орындалмаған. Арықтар мен каналдарды тазалау, латоктарды ауыстыру мен жөндеу жұмыстары көңіл көншітпейді. Әсіресе, бүгінгідей жаздың ыстық күнінде арықтардан судың ағып тұруы аса маңызды. Бұл тек халық талабы ғана емес, шаһардағы ылғал мен ауа  тазалығы, жасыл желектің, егілген ағаш көшеттерінің тұрақты сумен қамтылуы да осыған байланысты. Жауапты мемлекеттік органдар мен құрылымдар бұл бағытта қаралған қаражатты тиімді игеріп, өзара үйлесімді әрекет ету тиіс. Жұмысты жүйелендіріп, сылбырлыққа салмай, мүмкіндігінше қаладағы көшелерге су жіберу керек. Құрылған жұмысшы тобының қызметін жандандыру қажет. Каналдар мен арықтардың үстінен заңсыз салынған нысандардың иелеріне заңнама талаптарына сәйкес шара қолдану үшін жұмыс жүргізіңіздер,-деді аймақ басшысы.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49
Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31
Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25
Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

12.10.2026, 15:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.