• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Тараз гарнизоны әскери бөлімшелерінің әскери қызметшілері ардагерлер үшін "үй жағдайындағы" ерекше парад ұйымдастырды.

08.05.2025
0
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды
86
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бұдан бірнеше жыл бұрын, ардагерлерге орталық алаңдарға бару қиындай бастағанда, Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы олардың үйлерінің алдында шағын парадтар өткізуді бастаған болатын. Бұл дәстүр кейінгі жылдары тұрақты түрде жалғасын тауып келеді.

Биыл бұл шара ауқымдырақ өтті. Оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерімен қатар, Әуе қорғанысы күштерінің, атап айтқанда, Ұшқышсыз ұшу аппараттары мамандарын даярлау оқу орталығының әскери қызметшілері, ҰҚК Шекара қызметі департаменті мен Ұлттық ұлан өкілдері де қатысты.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында бар болғаны бес майдангер тұрады. Олардың барлығы Тараз қаласында тұрып жатыр. Жастары ұлғайғандықтан, бұқаралық іс-шараларға қатыса алмайды. Дегенмен ұрпақтардың алғысы мен құрметі оларды назардан тыс қалдырмады. Әскери шеру ардагерлер тұратын аулаларда өтті.

Ардагерлер аулаға шығып, салтанатты шеруді өз көздерімен тамашалады. Бұл оларға ерекше әсер етті.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ибраев майдангерлерді арнайы келіп құттықтады. Ол елордадағы парадқа қатысып, түнде Таразға келіп жеткен.

– Біз батырларымыз өздерін қамқорлықта сезінуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», – деді қолбасшы.

Қорғаныс министрінің атынан әр ардагерге естелік сыйлық пен құттықтау хаты табыс етілді. Сондай-ақ Тараз гарнизонындағы әскери бөлім командирлері де ардагерлерді құттықтады.

Ардагерлерге облыстық және қалалық әкімдік өкілдері, мектеп оқушылары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері де келіп, гүлдер мен сыйлықтарын табыстады.

Қорғаныс министрлігі

Тегтер: әскери қызметкерЖамбыл облысыҚР Қорғаныс министрлігіпарадТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты