• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:19
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда «Менің анам» және «Мөп-мөлдір көздің қарасы…» атты қос жаңа кітаптың таныстырылымы өтті

Шераға атындағы руханият орталығында «Менің анам» және «Мөп-мөлдір көздің қарасы...» аты екі жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Шараға «Менің анам» жинағына енген естеліктердің ұл-қыздары, «Руханият орталығының және «Арай» редакциясының ұжымы қатысты.

turan_admin turan_admin
07.03.2025, 16:54
Жаңалықтар, Қала жаңалықтары
Таразда «Менің анам» және «Мөп-мөлдір көздің қарасы…» атты қос жаңа кітаптың таныстырылымы өтті
222
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Әдеби кештің салтанатты ашылуы барысында сөз алған Шераға орталығының басшысы Жасұлан Лесбекұлы жиналған қонақтар арасындағы ақжаулықты аналарды төл мерекелерімен құттықтап, қос кітапты көпшілікке таныстырды.

«Руханият орталығында жарыққа шыққан екі бірдей кітаптың таныстырылымы өтуде. Жаңа әзірде ғана облыс әкімі Ербол Шырақбайұлы өңірдегі аналарды, әжелерді, қаракөз қарындастарымызды 8-ші наурыз күнгі мерекеге арналған  құттықтау жиынында бұл туралы атап өтті.

Бүгін осы орталықта өздеріңіздің алдарыңызда «Менің анам» және «Мөп-мөлдір көздің қарасын…» атты екі кітапты сіздердің айтулы мерекелеріңізге орай таныстыруды жөн көрдік. «Менің анам» кітабы осы уақытқа дейін яғни, жеті жыл бойы «Арай» газетінде шығып келе жатқан мақалалардың, сыр-сұхбаттардың желісі. Аталған газеттің тілшісі Айжан Өзбекованың идеясымен және оның өзі алған сұхбаттарының жиындығы. Ол өңірдегі қоғам қайраткерлері мен танымал азаматтардың, белгілі азаматшалардың, ақындар мен жазушылардың, әншілер мен мәдениет қызметкерлерінің аналары туралы берген сұхбаттарын жинақтап, бүгін «Менің анам» деген қазыналы кітапқа айналдырып отыр.

Әрине, ана үшін баласы әкім болсын, ақын-жазушы болсын, мейлі құрлысшы болсын, кәсіпкер болсын бәрі бірдей. Өйткені, ананың жүргегі бірдей соғады. Арай газетіндегі сұхбаттарды оқып, біліп, осындай идеяның барын біз естіп, яғни, Шераға атындағы руханият орталығы облыс әкіміне ұсыныс айтып, дәл «Арай» газетінің 20 жылдығғына орай осы дүниелерді жинақ етіп шығаруды жеткіздік. Аймақ басшысы ұсынысымызды қабыл алып, енді бұл сыр-сұхбаттар «Менің анам» деген кітап болып шығып, қалың оқырманға жол тартып отыр. Бұл кітапта ананың балаға деген тәлім-тәрбиесі, махаббаты, баланың анадан алған үлгісі, тәртібі, өсиеті төңірегіндегі қасиетті үйлесімдер көрініс табады. Бір ескерері, облыс әкімі: «Менің анам» деген кітап келесі жылы да өңірдегі өзге тұлғалардың сұхбаттары алынып, осындай мереке қарсаңында кезекті сериямен шығып отырады»,-деп айрықша айтып өтті. Сондықтан мен Арай газетінің ұжымына және оның тілшісі Айжан Өзбековаға ерекше ілтипатпен алғысымды айтамын.

Ал енді, биыл әулиеата кітап оқитын өңір жобасы қолға алнғаннан кейін осы руханият орталығында 17 жобаны жүзеге асырамыз деп отырмыз. Соның біреуі емес, бірегейі сонау 7-9 ғасырларда Тараз туралы жырлап кеткен шығыс және парсы шайырларының жазып кеткен титулы сөздерінің бірі «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан қана табасың» деген атаумен жарыққа шығып жатқан шайырлардың кітабы. Әрине, өзгелер теріс түсінетіндей «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан қана табасың» деген сөз тек қана Тараздың қыздарына ғана арналған деген сөз емес. Бұл деген сол кезде тараздың гүлднген, құлпырған кезеңін, мәдениеті мен өркениетінің дамыған дәуірін, сол кездегі жайнаған сәулетін суреттеген мағына деп ұққанымыз жөн. Сұлулық деген тек қызға ғана айтылмайды. «Қай елдің мәдениеті мықты болса, сол елдің қыздары сұлу болады» деген сөз осындай дүниелерге қарата айтылған көрінеді. Енді біз бүгін көпшілік оқырманға таныстырып отырған екінші «Мөп-мөлдір көздің қарасың…» атты кітабымызда ортағасырдағы 8 шайырдың өлеңдерін жинақтадық. Сонымен қатар неге қазіргі біздің Тараздағы шайырлар да қалаға, сұлулыққа арнаған өлеңдер жазбасқа деп, бүгінгі шайырларымыздың ғажап өлеңдерін қосып, топтастырып осы кітапты шығарып отырмыз. Бұл кітапты бас-қасында болып, жинақтап құрастырған және баспаға әзірлеген осы руханият орталығының тарихшысы Ғазиза Оңалбекқызы»,-деді Шераға атындағы облыстық руханият орталығының директоры.

«2017 жылы дәл осы 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, мерекелік нөмірді дайындаған кезімізде сол тұстағы редакциямыздың бас редакторы Масат Әшімұлы Беріктің идеясымен «Менің анам» деген айдарды қолға алған болатынбыз. Ең алғашқы осы айдардың аясындағы топтамаларды қоғам қайраткері Жандар Кәрібайұлының, Қазақстанның Еңбек ері Мұқаш Ескендіровтың және сонымен қатар қоғам қайраткері Шамсат Исабековтің ана туралы толғаныстарын оқырманмен бөліскен болатынбыз. Бұл жоба ә дегеннен көпшіліктің көңілінен шықты. Өйткені, анаға деген құрмет, анаға деген сағыныш, анаға деген ілтипат қай кезде де шынайы көңілмен, ізгі тілекпен жүзеге асып жататын ниет. Сондықтан да біз осы газетімізде «Менің анам» айдары жобасының тұрақтылығын сақтап қалдық. Оқырмандардың сұранысы болған соң біз үнемі ескеріп, бұл сұхбаттарды әрдайым жариялап келдік. Бұл айдардың жүргізушісі журналист, өзіміздің әріптесіміз яғн, «арай» газетінің тілшісі Айжан Өзбекова болды. Елге белгілі қайраткерлердің аналары туралы толғанысын, олармен тілдесу, тағы басқа қағазға түсіріп, оқырманға ұсынып жүрген айжан Өзбекованың еңбегі зор»,-деді «Арай» газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбек.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

02.09.2026, 13:15
Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

25.08.2026, 17:00
Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

25.08.2026, 16:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.