Республикалық Қарасора-2021 жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының аумағында героин сатқан 31 жастағы тұрғынды ұстады.
Санкцияланған тінту барысында ер адамның үйіндегі жатын бөлмесінен Тея атты қызметтік ит жалпы салмағы 4 грамм болатынгероин есірткі затын тапты.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды- деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
СНХ: Құтмырзаев Бегман — Жамбыл облысының Полиция департаменті Баспасөз хатшысының міндетін атқарушы






