2022 жылдың 9 ақпанында Тараз қаласы ПБ 1-полиция бөліміне 41 жастағы азаматша арызданып, көлік жуу орталығына қойған «Тойота Камри-50» маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің заңсыз айдап кеткені туралы шағымданды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көлікті ұрлап кеткен күдіктілердің ізі суымай анықталып, ұсталды. Олар 25 және 31 жастағы көлік жуу орталығының жұмысшылары болып шықты.
Күдіктілер көлікті алкогольді масаң күйде басқаруы салдарынан, рөлге ие бола алмай Жамбыл даңғылы мен Сүлейменов көшелерінің қиылысында орналасқан бетон бағанаға соқтығысқан. Жол-көлік апатынан көлік зақымдалып, жәбірленушіге 10 000 000 теңге көлемінде шығын келтірілген.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматтар түрлі дене жарақаттарымен Тараз қалалық ауруханасына жеткізіліп, қажетті ем-шараларын қабылдауда.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 2-бөлігімен (Автомобильді құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бапқа сәйкес, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.