• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда 3 ай бұрын құрылған екі ауданның мәселелері қалай шешілетіні анықталды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте Тараз қаласында құрылған екі ауданды дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру және өзекті мәселелерді шешу жоспарлары жан-жақты талқыланды. 

14.03.2025
0
Таразда 3 ай бұрын құрылған екі ауданның мәселелері қалай шешілетіні анықталды
63
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аймақ басшысы бұған дейін екі ауданды аралап, мәселелерімен танысқанын айтып, оларды өзектілігіне сәйкес уақыт созбай кезең-кезеңімен шешу қажеттілігіне баса назар аударды.

Айта кетейік, Тараз қаласында «Әулиеата» және «Жібек жолы» атауларымен екі аудан құрылды. Оларға Жамбыл және Байзақ аудандарынан 46 145 халқы бар 14 елді мекен қосылды (34 білім беру, 10 денсаулық сақтау, 21 спорт, 7 мәдениет нысаны қосылды).

Бүгінде тараздықтардың саны 480 мың адамнан асты.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков үш жылға арналған Жол картасына сәйкес білім саласында 1 мектепті күрделі, 4 мектеп пен 3 балабақшаны ағымдағы жөндеу, 2 мектепке автобус сатып алу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Мәдениет саласында 2 клуб ғимаратын күрделі, 1 мәдениет үйін ағымдағы жөндеу, тұрғындардың сұранысы бойынша 4 спорт алаңшасын жөндеу, 1 футбол алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, су жүйелерін қалпына келтіру және тұрғындарға өзге де қолайлы жағдай жасау міндеті тұр.

Кеңес барысында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жайдарбек Құттыбаев, білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Қызылқұлова, денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев баяндама жасады.

— Екі аудандағы елді мекендер мен әлеуметтік нысандарды аралап, бірқатар мәселелермен таныстым. Инфрақұрылымдық желілермен қамту, нысандарды жөндеуден өткізуге қатысты өзекті жағдайлар аз емес. Сондықтан, үш жылдық даму жоспарын қайта қараңыздар. Тұрғындардың өтініштері, ұсыныс-пікірлерін назардан тыс қалмауы тиіс. Барлық мәселе бюджет мүмкіншілігіне қарай, кезең-кезеңімен шешімін табуы керек,  – деді Ербол Қарашөкеев қала басшылығына.

Облыс әкімі қосылған елді мекендер бойынша құжаттарды тезірек рәсімдеу, қоғамдық көлік қатынасы, қайталанатын көше атаулары, әлеуметтік нысандардың жай-күйі, көрсетілетін қызметтердің сапасы, жұмысшылардың жалақыларын уақытылы беру секілді көптеген мәселелерге көңіл бөлді.

— Екі ауданның құрылғанына 3 ай болды. Шешімін күткен мәселелер әлі де аз емес. Біз тұрғындар үшін кедергілер емес, барынша жайлы орта қалыптастыру керекпіз. Қалаға қосылған елді мекендердің көше атауларының қайталануы жедел жәрдем, полиция қызметінің шұғыл әрекет етуіне кедергі болары анық. Мәселені салалық басқармалар мен қала басшылығы бақылауға алып, тезірек реттеу қажет, – деді  облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев полиция департаментіне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, жауаптыларға әлеуметтік нысандарды қала теңгеріміне өткізу жұмыстарын жедел аяқтауды жүктелді.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: ауданЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысыТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты