Зерттеудің негізгі мақсаты — Тараз қаласы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерделеу. Тұрғындар арасында әлеуметтік наразылық тудыруы мүмкін «ыстық нүктелерді» анықтап, мемлекеттік органдардың жұмысына объективті баға беру. Нәтижесінде қаланың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар пакеті әзірленеді.
Зерттеу жұмыстары Тараз қаласының барлық мөлтек аудандары және соңғы жылдары қала құрамына енген шалғай тұрғын аудандарын толық қамтиды. Әсіресе, инфрақұрылымдық мәселелері өзекті саналатын мына аймақтарға баса назар аударылады:
«Шөлдала», «Құмшағал», «Көлтоған», «Қызылабад», «Төрткөл», «Арай», «Бурыл», «Көне Тараз» маңындағы жаңа қоныстар.
Жоба аясында 3000-нан астам қала тұрғыны арасында сауалнама жүргізіледі. Сонымен қатар, сарапшылар мен фокус-топтардың қатысуымен тереңдетілген талқылаулар өтеді. Бұл зерттеу — қаламыздағы жұмыссыздық, инфляция, жол, жарық және өзге де түйткілді мәселелерді жоғары билікке жеткізудің тікелей жолы.
Құрметті Тараз қаласының тұрғыны! Қаланың дамуына бей-жай қарамай, төмендегі сілтеме немесе QR код арқылы сауалнамадан өтіп, өз пікіріңізді қалдыруыңызды сұраймыз.
Сауалнама сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfPEa3MguyTtuK205-goXl-4Umkpl66etwVBwVAueYIpOT6OQ/viewform?usp=dialog







