• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Тараз» футбол клубына президент таныстырылды

Әлімбек Жұмабаев «Тараз» футбол клубының басшылық қызметіне келді

turan_admin turan_admin
13.05.2024, 11:54
Облыс жаңалықтары
«Тараз» футбол клубына президент таныстырылды
665
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов ФК ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Ол – Жамбыл облыстық футбол федерациясының басшысы Әлімбек Жұмабаев. Тағайындау клуб директоры лауазымына жарияланған конкурстың үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша жүзеге асты.
Әлімбек Жұмабаев бұрын да «Тараз» футбол клубына басшылық еткен. Жаңа директордың алдына жамбылдық футболды өркендету тапсырмасы қойылды, -деді басқарма басшысы.
52 жастағы Әлімбек Жұмабаев Жамбыл облысында өмірге келген, жоғары білімді Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-да алған. Шахматтан бапкер болып жұмыс істеген, одан кейін бизнес саласына ауысты. Жамбыл облыстық футбол федерациясын 2006 жылдан бері басқарады.
Шахматтан «Senat cup»  атты облыстық турнирдің Әлімбек Әсембекұлы жеңімпазы атанған болатын.

Әлімбек Әсембекұлы 1972 жылғы ақпан айының 13-ші жұлдызында Жамбыл облысы Тараз қаласында туылған.

Білімі жоғары, Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарының алау эстафетасының Алауын ұстаушы.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына атсалысқаны үшін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың 2011 жылғы Үкімімен Қазақстан Республикасының Құрмет граммотасымен марапатталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы Үкімімен Қазақстан Республикасының Құрмет орденімен марапатталды.

Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отырған, рухани бай ішкі дүниесі бар, өмірлік ұстанымдары қалыптсқан иманды азамат. Басшы ретінде өте қайырымды, адал және де жұмысына жауапкершілігі мол адам ретінде көзге түседі, тек өзінің қызметкерлері ғана емес, сұрақпен келген кез-келген адамға ашық қарап, мәселесін шешуге тырысатын абзал жан. Әрқашан өзінің біліктілігін арттырып, жан жақты ізденісте жүретін адам ретінде елге танымал, абыройлы азамат.

Мансап

       Еңбек жолын Ы. Сүлейменов атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, 1989 жылы шахматтан жаттықтырушы-оқытушы қызметінен бастайды. Кеңес Армиясы қатарындағы әскери міндетін атқарып, елге оралғаннан кейін кәсіпкерлік саласына араласып, бірқатар коммерциялық құрылымдарда лауазымды қызметтерде болады. 2003 жылы «Альтаис» компаниясын құрып, мұнай өнімдері саудасына қатысты жеке бизнесін бастайды. Аз уақыттың ішінде компанияның тасы өрге домалап, қызмет ауқымы ұлғайып, қанатын кеңге жайған холдингке айналады. Бүгінгі таңда, Әлімбек Әсембекұлы, мыңға жуық адам жұмыс істейтін сол көпсалалы «Altais Group» компаниялар тобының президенті ретінде лайықты қызметін атқарып жүр.

Негізгі қызмет аясына қоса, қоғамдық іс шараларда да белсене ат салысып келуде, атап айтқанда, 2012 жылы «Тараз» футбол клубының Президенті болып жұмыс атқарған, 2012 жылдың наурыз айынан Жамбыл облысы еркін күрес федерациясының Президенті, 2014 жылдың сәуір айынан Жамбыл облысы футбол федерациясының Президенті қызметтерін бірге атқарып келеді.

Жеке өз тарапынан еліміздің әлеуметтік жауапкершілігі бар азаматы ретінде, келесі әлеуметтік жобаларды іске асырған:  ТарМПУ жанындағы «Баласағұн» мұражайын соғуға қаржылық көмек көрсетілді, облыстық балалар емханасына медициналық құрал-жабдықтар алынды, Тұңғыш Президент Паркінде мемлекеттік ту композициясының құрылысы, қаланың көшелері мен аулаларын әрлендіру жұмыстарын жасаған, облысымыздағы көптеген жазушылардың кітаптарының жарық көруіне үлес қосқан.

Спорт пен салауатты өмір-салтына да, аса зор мән беріп, 12 жыл үзбей дәстүрлі етіп, оның ішінде, 7-ші жыл халықаралық дәрежеде, жүлде қоры 50 млн. теңгені құрайтын Д.А. Қонаев атындағы еркін күрес турнирін өткізіп келеді.

Өз еңбек жолында, осындай көптеген игі істер мен әлеуметтік маңызы зор жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде, 2010 және 2018 жылдары «Қала күні» мерекесіне орай, Әлімбек Әсембекұлы «Тараз қаласының Дара тұлғасы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» болып екі рет танылды, білім және ғылым вице-министрінің атынан Алғыс хатпен, Тараз қаласы, Шу ауданы әкімдерінің Алғыс хаттары мен басқа да ұжымдардың атынан көптеген марапаттарға ие болды.

Тегтер: Алимбек Жумабаев
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.