8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Тараз қалалық полиция басқармасында әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.
Бірінші кезекте Тараз қалалық Полиция басқармасының басшылығы көп жылдар бойы ішкі істер органдарында қызмет еткен ардагер отставкадағы милиция капитаны Ұлбике Райымқұлқызын алғыс хатпен марапаттады. Өз кезегінде ІІО ардагері Полиция басқармасының басшылығына құрмет көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, техникалық персонал құрамында жұмыс істейтін әйелдер де назардан тыс қалған жоқ.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі






