• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Талас ауданында жұмыспен қамту саласы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізілді

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
14.07.2026, 00:08
Облыс жаңалықтары
Талас ауданында жұмыспен қамту саласы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізілді
26
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыстық Қоғамдық кеңестің Таза Қазақстан, балық, орман шаруашылығы, жұмыспен қамту және дін істері жөніндегі комиссиясы жұмыс жоспарына сәйкес Талас ауданындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласына қоғамдық мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында Қазақстан Республикасында еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында белгіленген нысаналы индикаторлардың орындалу барысы зерделенді. Аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сәйкес, Талас ауданында сапалы жұмыс орындарын көбейту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

2026 жылға арналған «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Атап айтқанда, Қаратау қаласында «Talas Investment Company» ЖШС-нің натрий цианидін өндіру зауытын салу жобасы бойынша 50 тұрақты жұмыс орны, Ойық ауылындағы Б. Әлменұлы атындағы орта мектепке жапсарлас 80 орындық оқу ғимараты, асхана құрылысы және мектепті қайта жаңғырту жұмыстары барысында 2 уақытша жұмыс орны ашылады деп көзделген.

Жаңа жұмыс орындарын құру және халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында ұлттық жобалар аясында 34 жұмыс орны құрылып, 34 азамат жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде 32 адам тұрақты, 2 адам уақытша жұмыспен қамтылған. Бұл бағыттағы жоспар 65,4 пайызға орындалған.

Есепті кезеңде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 467 адам қамтылды. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 324 адам, жастар практикасына – 62 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 21 адам, «Күміс жас» жобасына – 60 адам тартылды. Жоспардың орындалуы 73,5 пайызды құрады.

Ағымдағы жылы 1552 жұмыссыз азаматты бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарланып, есепті кезеңде 680 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл көрсеткіш жоспардың 43,8 пайызын құрайды. Сонымен қатар жастар практикасына 200 адам жоспарланып, 62 адам жолданған. Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жоспарланған 25 адамның 21-і, қоғамдық жұмыс бойынша 350 адамның 324-і қамтылған. «Күміс жас» жобасы бойынша жоспар толық орындалып, 60 адам жұмысқа бағытталды.

Кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Кәсіптік оқуға 179 адамды жіберу жоспарланып, 151 адам жолданған. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 259 адамды оқыту көзделсе, 89 азамат оқуға жіберілді.

Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтер тұрғындарға онлайн форматта көрсетілуде. Азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу, атаулы әлеуметтік көмекке электрондық өтінім қабылдау, business.enbek.kz порталы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, skills.enbek.kz платформасы арқылы қысқа мерзімді кәсіптік курстарға бағыттау, жұмыс берушілерге бос жұмыс орындарын жариялауға қолдау көрсету қызметтері цифрлық форматта жүзеге асырылуда.

Талас ауданының Мансап орталығы жұмыс іздеушілерді тіркеу, жұмыссыз мәртебесін беру және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жолдама беру мемлекеттік қызметтерін толық көлемде көрсетіп келеді.

Жұмыссыз азаматтарды сұранысқа ие мамандықтарға оқыту бағыты бойынша да нәтижелер бар. Өткен жылы жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 60 адам кәсіптік оқуға жолданды. Оның ішінде Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде аспазшы, автокөлік жөндеу слесарі және электрик мамандықтары бойынша білім алды. Қысқа мерзімді курсты аяқтаған 58 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар жұмыссыздарды жұмыс берушілердің нақты жұмыс орындарында оқытуға 6 жеке кәсіпкердің сұранысы бойынша 20 адам жіберілді. Олар аспазшы, автокөлік жөндеу слесарі, сату менеджері, жиһаз өндіруші, тігінші және наубайшы мамандықтары бойынша оқыды. Оқуды аяқтаған 18 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

2026 жылы жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білім беру ұйымдарында 40 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыс берушілерден 5 өтінім түсіп, аспазшы және автокөлік электр жабдықтарын жөндеу мамандықтары бойынша жұмыссыз азаматтарды оқыту шілде айында басталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ жұмыс берушілердегі жұмыс орындарында оқыту бағыты бойынша 20 адамды даярлау көзделген. Үш жұмыс берушінің өтінімі негізінде сатып алу менеджері, бухгалтер және жиһаз өндіруші мамандықтары бойынша оқыту ұйымдастырылмақ.

Жалпы, қоғамдық мониторинг нәтижесінде Талас ауданында халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыз азаматтарды оқыту және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқаны анықталды.

 

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: жұмыспен қамтумониторингталас ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.