• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:52
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ ЕСІРТКІ САҚТАП ТАСЫМАЛДАҒАНЫ ҮШІН СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРДІ

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2,3,4-бөліктері, 297-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған Н.К.-ға қатысты сот үкім жариялады

turan_admin turan_admin
13.09.2023, 09:34
Абырой, Облыс жаңалықтары
Үш мыңнан астам қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінген
198
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қылмыстық кодекстің (әрі қарай ҚК) 296-бабының 2,3,4-бөліктері (есірткі,ірі мөлшердегі, аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау), 297-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағы (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу, аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша айыпталушы Н.К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен не анықталды:

Сотталушы Н.К. Меркі ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұратын ағасының үйінен шығып, есірткі затын заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық пиғылымен, өзімен бірге қолғап, ағаш илегіш және полиэтилен пакеттерін алып, жалдамалы жүк көлігіне өзінің жылқысын салып, Тәтті ауылына жеткен. Тәтті ауылынан құмды алқапқа өзінің жылқысымен шығып, құмды алқапта аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз иемдену және дайындау мақсатында, қолғапты қолына киіп, өсіп тұрған есірткі заттарын жинап, сол жерде кептірген, ағашпен илеп, «гашиш» есірткі заттарын дайындаған. Кейіннен, тасымалдауға ыңғайлы болу үшін есірткі заттарын полиэтиленді пакетке жинаған, қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында арнайы құралдарын өртеп, жойған.

Содан, Н.К. аталған аймақта екі тәулік аралығында аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденіп және дайындап, түңгі мезгілді пайдаланып, өзінің жылқысымен жолға шығып, ағасының үйіне аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды заңсыз тасымалдап алып келіп, дәліз бөлмесіндегі жер төлесіне аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды салып, заңсыз сақтап, содан өзінің Тараз қаласындағы мекен-жайына қайтып кеткен.

Осыдан кейін, бірнеше ай өткеннен кейін Н.К. Меркі ауданына қарасты ауылдағы ағасының үйіне келіп, жасырын сақталған «кептірілген марихуана» және «гашиш» есірткі заттарын шамалы мөлшерде полиэтилендік пакеттерге салып, өзінің киіп жүрген киімдерінің қалтасында заңсыз сақтаған. 

Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында, аталған үйдің алдында Н.К.-ға жеке тінту жүргізіліп, соңғының шалбарының сол қалтасынан, жалпы салмағы – 3,57 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты және үстіндегі киімінің сыртқы оң қалтасынан, жалпы салмағы – 59,56 грамм ірі мөлшердегі «гашиш» есірткі заты табылып алынған. 

Ары қарай, үйге тінту жүргізіліп, үйдің ас бөлмесінде шкафтың ішінде тұрған ыдыста және үйдің дәліз бөлмесінің жер төлесінде Н.К.-ның жасырын сақтаған, жалпы салмағы – 5878,48 грамм аса ірі мөлшердегі «гашиш» есірткі заттары табылып алынған. Сонымен қатар, үйдің дәліз бөлмесінің жер төлесінде жасырын сақтаған, жалпы салмағы – 1028,00 грамм аса ірі мөлшердегі «кептірілген марихуана» есірткі заттары табылып алынған.

Тараптардың позициясы:

Прокурор сотталушы Н.К.-ге 11 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сот отырысында сотталушы Н.К. кінәсін ішінара мойындады.

Дәлелдемелер бойынша:

Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: тергеп-тексеру амалдары жүргізілу барысында толтырылған және басты сот талқылауында зерделенген процессуалдық құжаттармен, іс бойынша сұралған куәлердің жауаптары, сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.

Сот шешімі:

Қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, сот оның тұрғылықты жері бойынша жақсы мінезделуін, жас баласы барын, тәжік-ауған шекарасындағы әскери іс-шаралардың ардагері болуын, денсаулығы осал екенін табады.

Қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.

Сот үкімімен ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен, 296-бабының 4-бөлігімен және 297-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағы бойынша Н.К.-ға орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

 

Тегтер: ТӘЖІК АУҒАН СОҒЫСЫ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.