Өткен тәулікте Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-
құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері 10 рет шақыртуға шыққан. Байзақ ауданы, Бурыл ауылындағы тұрғынүйдің кіре беріс бөлмесінде пеш құбырының ағаш балкісі өртенген. Өрт сөндіруге 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 7 адам жеке құрам жұмылдырылып, өртті 20 минутқа жуық уақытта ауыздықтаған. Өрт салдарынан төбе қаптауы зақымдалып, шатыры жартылай жойылды. Ал Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылында орын алған тұрғынүйдегі өрт оқиғасына 1 өрт сөндіру автокөлігі мен 3 өрт сөндіруші шығып, өртті 18 минутта ауыздықтаған.
Сондай-ақ Тараз қ., Қонаев көшесінде орналасқан «Донер-Бургерс»
жылдам тамақтану орталығының кіре берісіндегі электр қорабында электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алғанда оқиға орнында 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 1 автосаты жұмыс атқарған.
Сонымен қатар Қордай ауданы, Қордай ауылы, Маяковский көшесіндегі
тұрғынүйдің ауласында жеңіл автокөлік өртенген. Оқиға орнында 1 өрт сөндіру автокөлігі мен 3 өрт сөндіруші тиісті жұмыстарды атқарған.
Жамбыл ауданы, Аса-Тараз тас жолы, мал базары маңында жеңіл
автокөліктің қозғалтқыш бөлігінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы
жөнінде түскен хабарлама бойынша шақырту орнына 1 өрт сөндіру автокөлігі мен 3 от жауынгері жедел жетіп, өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген.
Сонымен қатар өрт сөндірушілер тәулік ішінде 1 рет қоқыстың жану
оқиғасына шыққан. Ал Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 3 рет тұрғындардың тұрғынүйлерінің есігін ашып беру жұмыстарын жүргізген. Ал аталған бағыттағы жұмыстарды атқару барысында олар арнайы авариялық- құтқару құралдарының көмегіне жүгінген.
Құрметті азаматтар! Сіздерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға
шақырамыз! Егер қандай да бір өрт немесе өзге жану оқиғаларына куә болған жағдайда Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің «101» немесе «112» телефон нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеміз!
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жұртшылықпен байланыс тобы






