• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тәуелсіздік күні Таразда тегін білім беретін жеке гимназия ашылды

turan_admin turan_admin
17.12.2020, 18:44
Облыс жаңалықтары
Тәуелсіздік күні Таразда тегін білім беретін жеке гимназия ашылды
417
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Тәуелсіздік күні жамбылдықтар үшін қос қуанышқа айналды. Өйткені, бұл күні өңірде бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар есігін айқара ашты.
Облыс орталығында «Arai – elite» жеке гимназиясының ресми ашылуы өтті. Оқушылар мұнда тегін білім алады. Мектеп «Абылай – сана 2003» ЖШС-нің  жеке қаражаты есебінен салынған.
— Елбасы әрдайым жастарды білімге ұмтылуға, мақсатқа жетуге және табысты болуға шақырады. Ел болашағы – білімді жас ұрпақтың қолында. Облысымызда заманауи мектептер саны жыл сайын артып келеді. Біздің міндетіміз – сапалы білім беру, балалардың жан-жақты дамуына, олардың шығармашылық мен жаңаша тұрғыдағы дамуына барынша қолайлы жағдайлар жасау, — деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Ол аталған компания басшысы Арман Еділбаевқа көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, бұл әлеуметтік жауапкершілік бизнестің өз жерлестеріне жақсы жағдай жасауының жарқын мысалы екенін атап өтті. Серіктестіктің қолдауының арқасында жақын маңда орналасқан «ARAI» медициналық орталығын қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға жақын, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Анаға тағзым» орталығы бой көтеруде.
Арман Еділбаев мектеп директоры Жанна Мәдімароваға жаңа оқу ордасының символикалық кілтін салтанатты түрде табыстап, педагогикалық ұжымға табыс тіледі.
Бүгінгі таңда 1025 оқушыға арналған гимназияда 367 бала білім алуда. Өңір басшысы техниканың соңғы үлгілері бойынша жабдықталған кабинеттерді аралап, танысты. Мектеп спортзал, мәжіліс залы, асхана, кітапханамен қамтылған. Сондай-ақ, тынығуға арналған арнайы аумақ та назардан тыс қалмаған.
Ата-аналар мен оқушылар жаңа оқу орнынына деген ризашылықтарын жеткізді. Ғимараттың қабырғалары мотивациялық және танымдық картиналарымен безендірілген. Кабинеттер жарық әрі кең. Әр қабатта ұлдар мен қыздарға арналған дәретханалар бар.
— Оқушылар ағылшын тілі мен математиканы тереңдетіп оқиды. Кабинеттер заманауи технологиялармен, интерактивті тақталармен жабдықталған, — дейді мектеп директоры Жанна Мәдімарова.
Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні облыс аудандарында да бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды. Меркі ауданында Қостоған және Т.Рысқұлов екі ауылы орталықтандырылған ауыз суға қосылса, Гранитогорск ауылында 120 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ал, Байзақ ауданы Бұрыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, мәдениет үйі ашылды. Жетібай ауылында да  мәдениет нысаны салынған. Жамбыл ауданының Аса ауылында балаларға арналған шығармашылық орталық, Қаракемер ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді. Сарысу ауданында да бірден төрт ауыл орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізді. Қаратау қаласында екі көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Шу ауданындағы екі ауылдың тұрғын үй алаптары инженерлік желілерге қосылды. Шу ауданында «Standart Construction» ЖШС зауыты іске қосылып, өндіріс нысандарының тізімі де толықты.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.