• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Т.Рысқұлов ауданында алғаш рет рапс дақылы егілді

turan_admin turan_admin
27.10.2020, 15:34
Облыс жаңалықтары
Т.Рысқұлов ауданында алғаш рет рапс дақылы егілді
140
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, аймақта рапс дақылын егу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, Тұрар Рысқұлов ауданында 100 гектарға жуық алқапқа күздік рапс дақылын егу жоспарланған еді. Түсіндіру жұмыстарының жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде аудан шаруалары жоспарды артығымен орындап, 160 гектар алқапқа дән себуді мақсат етіп отыр. Өткен аптада қожалықтардың бірнешеуі жерге аталмыш майлы дақылды бастырып та үлгерді. Әсіресе, Мұратбек Арыстанбеков басшылық ететін округте бірнеше шаруа қожалықтары күздік рапс дақылын егуге ниет танытқан. Солардың бірі — «Достық — Е» шаруа қожалығы.

Шаруашылық басшысы Айтжан Ихиев аты аталған дақылды өз алқабының 10 гектарына егуде. Бұл мақсатта Мұрат Айтымбетов пен Андрей Исаев сынды механизаторлар егіс алқабындағы қиын жұмыстарды еңсеріп, тынбай еңбек етіп жүр. Қожалық жетекшісінің айтуынша, аталмыш бастамаға жергілікті басшылар барынша қолдау көрсетіпті.

Абай ауылдық округінде рапс дақылын егуге ниет танытқан «Медеу төре», «Құрманбай», «Нұрпейіс» шаруа қожалықтары бар.

Агросаланы алшаң бастыратын дәл осындай бастамаларды қолдауға жаңатұрмыстық шаруалар да зор ықылас танытқан. Солардың бірі — «Әділ» шаруа қожалығы. Оның басшысы Қалдыбек Әділов те өзіне тиесілі егістік алқаптың 10 гектарына рапс дақылын екті. Шаруаның айтуынша, ол дақылды екпес бұрын оны жан-жақты зерттеп көрген.

Егістік алқабына арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қалыбаев пен ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Әлдибек Туғанбаев та пікір алмасу барысында рапс дақылының басты артықшылықтарына кеңінен тоқталып, көптеген тың ақпараттармен бөлісті. Дәлірек айтар болсақ, олар Қалдыбек Әділовке «рапс» жерді тыңайтуға қолайлы дақыл екенін, сондай-ақ, ауа райының әртүрлі жағдайларына төзімді болатынын алға тартып, қожалықтың бастамасына сәттілік тіледі.

Жалпы күздік рапс дақылын егуге ауданнан 15 шаруа қожалық ниет білдірген. Ол үшін ауылшаруашылығы бөлімі 600 килограмм дақылды ауданға жеткізу бағытында жүйелі жұмыс жасап, қожалықтарға үлестіріпті. Алдағы уақытта дақылды егуге құлшыныс танытып жатқан шаруалар да баршылық.

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.