2021 жылдың 9-16 маусымында облыс аумағында криминогендік жағдайды жақсарту, отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында Тұрмыс республикалық алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Тұрмыс жедел алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері еріктілер, Тараздық мотоциклисттермен, қоғам белсенділері және өзге де мүдделі қызметтермен бірлесіп Зорлық- зомбылықсыз үй автошеруін ұйымдастырды. Тақырыптық билбордтары бар автобустар халықтың назарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға тарту үшін Тараздың орталық көшелерімен және облыстың кейбір аудандарымен жүріп өтті», — деді Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы полиция полковнигі Әшкеев Рахымберді.
Автошеру барысында және жергілікті жерлерде әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау бөлімінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция инспекторлары Дағдарыс орталығының өкілдерімен бірлесіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнамалық актілерді түсіндіріп, зардап шеккендерге көмек көрсетеді.
Жедел -алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінің өзінде 275-ке жуық тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі анықталды, оның ішінде сенім телефонына 12 өтініш келіп түсті. Тәртіп сақшылары 108 тәртіп бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасын шығарды, сот мінез-құлыққа қатысты 12 ерекше талап қойды. Ішкі істер органының профилактикалық есебіне 10 нашақор және 28 маскүнем қойылды.
Айта кетерлігі, жедел алдын алу іс-шарасы кезінде отбасылық- тұрмыстық қатынастар аясында қылмысқа жол берілген жоқ.






