• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 02:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №7 аумақтық округтің тұрғындарымен кездесті. Әуелі округтің бас инспекторы Жарас Алтынбеков атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

turan_admin turan_admin
25.07.2024, 17:02
Қала жаңалықтары
Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды
46
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

–  Өткен жылы округте тындырылған ілкімді істер жетерлік. Айталық, былтыр «B-grass» ЖШС мердігерлігімен Желтоқсан көшесінің 3-ші, Бульварный көшесінің 3, 4-бұрылыстарына жөндеу жүргізілсе, Қарахан мен  Өтеулиев көшелеріне (бұрылыстарымен бірге) жарық шамдары орнатылды. Сондай-ақ Жанқоразов, Нахимов көшелері мен бұрылыстарына ауыз су желісі тартылып, тұрғындар сапалы тіршілік нәрін тұтынуда. Сонымен қатар, мердігер «Проект и К» мекемесі тарапынан Желтоқсан көшесі, №237, Байзақ батыр көшесі, №168, Аққозиев көшесіндегі 5 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен Өзбек көшесінің 2-бұрылысы абаттандырылып, жаңа кейіпке енді. Бұған қоса «АсылБасТау» мекемесінің мердігерлігімен Өзбек көшесі, 1-бұрылысындағы бос жатқан жер теліміне шағын футбол, воркаут, балалар ойнайтын алаңша салынып, ел игілігіне берілді. Бұдан бөлек, Төле би көшесі, №11«А» мекенжайында орналасқан көпқабатты жатақханаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, Абай даңғылы, №159 «А» мекенжайындағы 12 қабатты тұрғын үйге  2 жеделсаты орнатылды, – деген Жарас Абдраймұлы алдағы уақытта орындалатын межелі міндеттерді де тілге тиек етті.

Нақтырақ тоқталсақ, биыл Нахимов көшесі, 1-бұрылысы, Фазлаев, 8 Март, Жанқоразов, Өтеулиев көшелерін (бұрылыстарымен бірге) орташа жөндеу жұмыстары қолға алынса, Черняховский, Демесінов, Привокзальная көшелеріне жарық шамдары қойылады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Ташкент көшесінің бойына (Абай даңғылынан Әйтиев көшесі аралығында) 2, Жібек жолы мен Балуан Шолақ көшелерінің қиылысына 1 аялдама орнатылмақ. Бұған қоса, биыл Төле би көшесіндегі №11 жатақхананың қасбеті мен шатыры  жаңғыртылады.

Келесі кезекте тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдады. Мұндағы жұртшылықты жол жөндеу, қоқысты уақытында алып кету, арық тазалау секілді маңызды мәселелер толғандырады.

Барлық сауалды мұқият тыңдаған Бақытжан Әмірбекұлы тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайтынын және әрбір мәселе бойынша тиісті шешім қабылданатынын жеткізді. 

Басқосудан кейін қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы

Тегтер: бақытжан орынбековТұрғындармен кездесу
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тараз көшелері күн сайын тазартылуда

Тараз көшелері күн сайын тазартылуда

02.11.2026, 15:31
Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

31.10.2026, 17:54
Таразда қала тазалығына бағытталған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Таразда қала тазалығына бағытталған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

31.10.2026, 17:04
Жібек жолы ауданында абаттандыру жұмыстары жандануда

Жібек жолы ауданында абаттандыру жұмыстары жандануда

29.10.2026, 19:34
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.