• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 09:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тұрғындар мәселесі партия назарында

turan_admin turan_admin
01.08.2017, 12:40
Облыс жаңалықтары
Тұрғындар мәселесі партия назарында
342
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тұрғындар мәселесі партия назарында
«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының «Озат» БПҰ ұйымдастыруымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбы бойынша республикалық қоғамдық қабылдауы өтті.
Туберкулезге қарсы диспансер ғимаратында өткен шараны «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков жүргізіп, тұрғындарды толғандырған сауалдарына жауап берді. Қабылдауға алғаш болып келген Әмзе Қаржаубаев ұзақ жылдар бойы прораб болып қызмет істеген тәжірибелі маман. Қазір қысқартуға ұшырап жұмыссыз қалған. Ендігі өзінің мамандығы бойынша жұмысқа тұрайын десе жасының келгендігін алға тартып, қабылдамайды екен. Тұрғынның сауалына қаныққан партия төрағасының орынбасары қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гауһар Олжабаевадан мәселенің мәнісін ашып беруді сұрады. Оның сөзінше, Әмзе Қаржаубаев жұмыспен қамту орталығына барып «жұмыссыз» ретінде тіркелуі қажет екен. Содан соң оны мамандар құрылыс бөліміне жолдама береді. Содан соң тұрғынның жұмыспен қамтылуына зор мүмкіндік ашылмақ. Шарада аталған диспансердің дәрігері Еркін Сүлейменов 2015 жылы туылған ұлын балабақшаға орналастырып беруге көмек сұрай келді. Қалалық білім бөлімінің өкілі оның сұранысын қанағаттандырып, №25 балабақшаға орналасуға қол ұшын созатындығын жеткізді. Тағы бір диспансердің қызметкері Дина Нұрпейісова М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ді 2014 жылы «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша тәмамдағын баласын тұрақты жұмысқа тұрғызып берсе деген өтінішін білдірді.
Оған Арын Ілиясұлы жұмыспен қамту орталығына тіркелуге кеңес беріп, оны жеке қабылдауына шақырды. Дәл осындай мәселені Айда Ұзақбаева да көтере келді. Оқу орнын биыл «Емдеу ісі» бойынша тәмамдаған оған да жоғарыдағыдай кеңес берілді. Ләззәт Естекова есімді тұрғын өткен жылы ота жасатып, салдарынан ұлы несиесін бір ай төлей алмаған. Сондықтан оның банкомат карточкасын бұғаттап тастапты. Ләззат Естекова партия басшылығынан «Forte Bank» қызметкерлеріне шығып, қол ұшын созуды сұрады. Оның уәжін Арын Асқарбеков орындауға уәде берді.
Сонымен қатар диспансерде санитар қызметін атқаратын Шолпан Парманқұлова өзінің декреттік қызметшінің орнында жұмыс жасайтындығын алға тартып, орнындағы адам шықса жұмыссыз қалатындығын тілге тиек етті. Өз кезегінде мекеме басшылығы оның жағдайын түсініп, уақытында жұмыс тауап беретіндігіне сендірді. Сонымен қатар аталған диспансердың тағы бір қызметкері Айгүл Мұсабекова 4 жыл бұрын әріптесіне қомақты несие алып беріпті. Небары несиенің 1 жылын ғана өтеген ол ары қарай төлеуден бас тартыпты. Осы мәселе бойынша араша болуды сұрап, кеңес беруді өтінді. Оның жағдайымен танысқан қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков диспансер басшылығына қызметкерлер арасындағы ондай мәселелерді ішкі тәртіп бойынша қарап, алдағы уақытта ондайға жол бермеу керектігін ескертті. Дегенмен банк келісім шарты өзінің атында екенін айтып, алған қаржыны қайтаруға тура келетіндігін атап өтті.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02
Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

06.10.2026, 07:57
«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.