• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті

turan_admin turan_admin
27.10.2022, 08:53
Облыс жаңалықтары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті
78
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Басқосуға өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы туралы баяндама жасады.

Айта кетейік, агенттік тарапынан әр аймақтың ерекшелігі ескеріліп, өңірлер үшін жемқорлық тәуекелдер картасы әзірленген болатын. Ол картада әкімшілік кедергілердің болуына, қызметшілердің озбырлығына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін таппай жүрген мәселелер тізбесі айқындалған. Қазіргі таңда Агенттіктің өңірлерде жұмыс істеуінің басты бағытының бірі – осы тәуекелдер картасы.

— Жамбыл облысында тәуекелдер картасына жолдар мен инфрақұрылым, экономика және қаржы, олигополия, жер қатынастары, құрылыс және тұрғын үй салалары енген.

Бұл ретте жолдар мен инженерлік құрылыстардың сапасы, ауыз сумен және суармалы сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу үшін қаражат жұмсау мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді. Сол секілді осы облыстың тұрғындарын бағаның өсуі, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасындағы тәуекелдер, жеке тұрғын үй құрылысы үшін және ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді заңсыз бөлу, жерлерді мақсаты бойынша пайдаланбау мәселелері мазалайды.

Осы орайда жергілікті атқарушы орган мен жұртшылықтың күш-жігерін, мүмкіндіктерін біріктіру өте маңызды, -деді Саян Ахметжанов.

Өз кезегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Даурен Омаров өңірдегі жемқорлықты алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан қызметкерлері үшін басшының жауапкершілігі институтын қолданудың өзекті мәселелері жөнінде баяндама жасады.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов тәуекелдер картасына енген салалар бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу,  қарсы мәдениет қалыптастыруда атқарылып жатқан жұмыстар туралы тиісті басқарма басшыларынан жеке-жеке жауаптар алды.

— Біз жағдайдың салдарымен емес, себебімен күресіп, алдын-алу, түсіндіру жұмыстарын күшейтуге тиіспіз. Бұған дейін атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, нәтиже ойдағыдай дей алмаймыз. Демек, бұл бағыттағы жұмыстарға жаңаша көзқарас қажет. Аталған департаменттер тиісті басқармамен өзара бірлесіп, ортақ жауапкершілікті сезініп жұмыс жүргізгені дұрыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда балаларға отбасы, мектептен бастап жан-жақты дұрыс тәрбие беру маңызды,-деп атап өтті аймақ басшысы.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.