• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 02:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам құтқарылған

Қазіргі уақытта республика аумағында су тасқыны тұрақты-күрделі режимде өтуде.

turan_admin turan_admin
18.04.2024, 13:15
Қазақстан жаңалықтары
Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам құтқарылған
29
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда.

Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 18 651 адам өз үйлеріне оралды. Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды.

6 887 адам, оның ішінде 3 166 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 216 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 718 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалуда.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары су тасқыны қаупі бар өңірлердің тұрғындарына шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілікті атқаруда. Жедел желі телефонына 1 932 қоңырау түсті.

Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 4211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Су жүрген 61 автожол, су шайған 66 автожол, оның ішінде 10 көпір және 56 жол төсемі бақылауда қалуда. 60 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды.

Солтүстік Қазақстан облысында қардың қарқынды еруіне байланысты Тимирязев ауданының Тимирязев ауылдарында, Қызылжар ауданының Соколовка, Барневка, Долматов ауылдарында, Петропавл қаласының Подгора, Кожевенный шағын аудандарында, Заречный кентінде 386 жеке тұрғын үй су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Тартылған күштермен және құралдармен су сору жұмыстары жүргізілуде. Қызылжар ауданының Вагулино, Кустовое, Красноярка ауылдарына қауіпті аймақтан 180 ауыл шаруашылығы жануары қауіпсіз жерге айдалды. «Петропавл-Жезқазған» республикалық маңызы бар автожолдар арқылы судың жүруіне байланысты 2000 адам тасымалданды. Медициналық қызметке үш науқасты тасымалдауға көмек көрсетілді.  62 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Есіл өзенінің деңгейіне мониторинг жалғасуда.

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Кұйлыс және Нұра ауылдарынан Ырғыз ауылына әуе кемелерімен алдын ала 201 адам уақытша орналастыру пункттеріне эвакуацияланды, сондай-ақ Белшер ауылына 1 тонна гуманитарлық көмек және 0,2 тонна жанар-жағармай жеткізілді. Құйлыс ауылында Торғай өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.

Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының саяжай алаптарынан алдын ала 22 адам эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қаратөбе және Казталов аудандарының Қаратөбе және Жалпақтал елді мекендерінен Қалдығайты, Қараөзен өзендері арқылы жүзу құралдарымен 236 адам жөнелтілді. Орал өзенінде қорғаныс бөгеттерін салу, нығайту және су деңгейін бақылау жұмыстары жалғасуда.

Ақмола облысында Жарқайың ауданының Львовское ауылында Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты 4 жеке тұрғын үй су астында қалды. 10 адам эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Қостанай облысында Жангелді ауданының Байтұрсынов ауылынан Торғай ауылына 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізіліп, 6 тұрғын жөнелтілді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 44 156 адам,  4 611 техника, 860 су сору құралы, 332 жүзу құралы, 18 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда.

 

 

Тегтер: су тасқыныТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙтөтенше жағдай министрі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

09.11.2026, 13:03
ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

08.11.2026, 12:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.