• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
07.11.2026, 01:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ӘСКЕРИ ТӘРБИЕГЕ 500 ЖАСӨСПІРІМ ТАРТЫЛҒАН

turan_admin turan_admin
09.11.2018, 15:49
Облыс жаңалықтары
ӘСКЕРИ ТӘРБИЕГЕ  500 ЖАСӨСПІРІМ ТАРТЫЛҒАН
394
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

Бүгінде жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу – басым бағыттардың бірі. Қазір әскери әлеуетімізді танытар кезең. Оған себеп мемлекет басшысының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауы. Онда Елбасы әскери-патриоттық тәрбиені жандандыруды, әрбір мектепте осы жұмыстарды қолға алуды тапсырған еді.

Оқушылар мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту, сонымен қатар жастар саласында Отанға деген сүйіспеншілік, жоғары патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында, облыстың білім беру мекемелерінде 20 әскери-патриоттық клубтар мен үйірмелер  жұмыс атқаруда, оған 500 жасөспірім тәлім алады.

Әскери-патриоттық клубтарда 5-9 сынып оқушыларынан құрылған клуб кеңесі бар. Онда болашақ ұжымдық және әскери-патриоттық жобалар дайындалып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Клубта «Жас мерген», «Жас десантшы» сияқты үйірмелер мен топтар, «Әскери білім тарихы», «Әскери іс», «Жас ұландарды дайындау», мергендер үйірмесі, каратэ, күрес секциялары сынды әскери қолданбалы және спорттық секциялар жұмыс жасайды.

Облыс бойынша әскери-патриоттық клубтар арасында автоматты шашып жинау, көздеп ату жарысы, гранат лақтыру, кедергілерден газға қарсы маскасымен өту, саптық даярлық сынды түрлі зияткерлік ойындар, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар жүйелі түрде өткізілуде.

Осындай әскери-патриоттық спорттық үйірмелердің қатарындағы «Десантник» үйірмесін ерекше атап өтуге болады. Аталған үйірме 1987 жылдың қаңтарында Тараз қаласының №7 орта мектебінде құрылып, 1994 жылы қалалық білім бөлімінің қолдауымен, №41 орта мектептің гимназия болуына байланысты, үйірме гимназияның базасына ауыстырылды.

Әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері өз өмірін армиямен байланыстырады. 24 жыл ішінде үйірмеде білім алған 1400 оқушының бірқатары Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Атап айтсақ, Алматы жаяу әскер әскери институтында, Алматы ҰҚК шекаралық әскері әскери институтында, Алматы  радиоэлектроника әскери институтында және Ақтөбе әуе күштері қорғанысы әскери институтында, сонымен қатар, Тверь әскери-ғарыш күштері академиясы, С.Петербург әскери-медициналық академиясы сынды білім ордалардында білімдерін жетілдіруде. Сондай-ақ, ҚР Қарулы күштерінде «Десантник» үйірмесінің үш жүзден аса түлегі қызмет етуді.

Бүгінде спорттық үйірмеде 75 курсант тәрбиеленуде. Курсанттарды даярлауға арналған бағдарламада: жалпы физиологиялық дайындық, саптық дайындық, мемлекеттік-құқықтық дайындық, тактикалық дайындық, атыстық дайындық, әскери-медициналық дайындық, әскери-инженерлік дайындық, әскери топография, ҚР ӘК жарғылары негізге алынды.

Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарда «Оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені, оның ішінде «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының өңірлік филиалдарын құру арқылы күшейту» тармағы көзделген. Осыған байланысты, білім беру мекемелерінде әскери-патриоттық клубтар, әскери-спорттық үйірмелерің ашу және оларды ұйымдастыру жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

 

Нұрлан ЖАРҚЫНБЕКОВ

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Меркіде табиғи парктің жаңа ғимараты ашылды

Меркіде табиғи парктің жаңа ғимараты ашылды

06.11.2026, 17:57
Жамбыл Сматов: «Сіздің сеніміңіз – менің жауапкершілігім!»

Жамбыл Сматов: «Сіздің сеніміңіз – менің жауапкершілігім!»

05.11.2026, 13:06
Қағаздағы профилактика баланы құтқармады: Жамбылда шенеуніктер жазаланады

Қағаздағы профилактика баланы құтқармады: Жамбылда шенеуніктер жазаланады

05.11.2026, 07:33
Ербол Қарашөкеев ұлттық құрама бапкерлерімен жүздесті

Ербол Қарашөкеев ұлттық құрама бапкерлерімен жүздесті

04.11.2026, 15:47
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ ҚҰМШАҒАЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

06.11.2026, 18:41

Меркіде табиғи парктің жаңа ғимараты ашылды

06.11.2026, 17:57

«Ұстаздық жолдан – қоғамдық жауапкершілікке»: Айтолқын Мазболдиева

06.11.2026, 17:06

«Адал еңбек – ел дамуының негізі!» – Бағдат Момынов

06.11.2026, 16:47

«Ауылдың дамуы – елдің өркендеуі!» – Нуритдин Бегманов

06.11.2026, 15:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.