• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:02
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сапарбаев: Карантин шаралары жеңілдегенімен, босаңсуға жол берілмеуі керек

turan_admin turan_admin
15.08.2020, 12:59
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз етуді тезірек қалпына келтіруді тапсырды
225
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

     Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Онда коронавирустық инфекциямен күрес бағытында өңірде атқарылып жатқан істер, қолға алынған жұмыстар мен алдағы уақытқа жобаланған жоспарлар сараланды.

          13 тамыздағы жағдай бойынша облыста КВИ белгілері бар 3947 адам тіркелсе, оның 82,2 пайызы жазылып шыққан. Бүгінде азаматтардан ПТР тест алу мен зерттеу мақсатында 7 зертхана жұмыс істеуде. Сондай-ақ 53 миллион теңгенің гуманитарлық және 634 миллион теңгенің демеушілік көмегі көрсетілген.

         Отырыста баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев нақтылы кезеңде ауру көрсеткіші төмендеп келе жатқанын жеткізді.

         – Бүгінгі таңда ауыр жағдайдағы науқастар саны – 16, жан сақтау бөлімінде жатқандар – 31 адам. 214 мобильдік топ өз жұмысын жалғастырып жатыр. Алайда олардың жұмысында кейбір жағдайларда төмендеу бар. Олармен бүгінгі таңда 544 хаттама толтырылып, 28 миллион теңгеге айыппұлдар салынды. Ең аз айыппұл Жуалы, Сарысу, Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласында салынған. Халықтың әлі де маскасыз жүруі, кейбір мейрамхана, тойханалардың астыртын жұмыс істеу фактілері кездеседі. Алдағы уақытта карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Алайда халық арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жалғастыру қажет, – деді ол.

         Сондай-ақ Е.Жылқыбаев медициналық қызметкерлерге үстемеақы төлеуді ұйымдастыру үшін бірнеше рет комиссия отырысы өткенін атап өтті. Өңірде 304 медицина қызметкері КВИ-мен ауырса, олардың әрқайсысының инфекцияны жұқтыру жағдайлары зерделеніп, анықталуда. Оларға тиесілі үстемеақы төлеу жөніндегі ұсыныстар жолданған.

         Сонымен қатар азаматтардың денсаулығын жақсарту мен медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастыруда. Мысалы, жақын күндері 4 дана цифрлы рентген аппараты, ауыр дәрежедегі науқастарға арналған 2 дана ЭКМО құрылғысы, 7 компьютерлік томограф, 14 өкпені жасанды желдету аппараты және басқа жабдықтар алынбақшы. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» арқылы тағы 8 жедел жәрдем автокөлігі, 5 өкпені жасанды желдету құрылғысы мен 50 оттегі концентраторы, «КазТранс Ойл» компаниясы арқылы тағы 4 өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілмек.

         Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев карантиндік режімді сатылап жеңілдету шараларын баяндады. Ол 17-ші тамыздан бастап барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып ашылатын шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын тізіп шықты. Нақтырақ айтсақ, олардың қатарында сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда желісі кәсіпорындары, базарлар, сұлулық салоны, шаштараз, СПА орталықтары, косметикалық қызмет көрсететін объектілер, моншалар мен сауналар, фитнес-орталықтары бар. Барлығы 477 ШОБ нысаны жұмысын қайта бастайды десек, онда 6 690 адам еңбек етеді.

         Штаб отырысын аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев  қорытындылады.

         – Қазіргі таңда КВИ-мен ауыру көрсеткіші өсуі әлі де болса Тараз қаласында, Қордай ауданында байқалады. Сондай-ақ Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласындағы мобильдік топтардың жұмысы өте нашар. Бірнеше тексеру жүргізгенмен, ешқандай заң бұзушылық анықталмады деп есеп береді. Ал науқастардың тіркеліп жатқаны бар. Мысалы, Тараз қаласында кешегі бір түннің өзінде 8 науқас тіркелді, – деді аймақ басшысы.

         Өз кезегінде Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқанына сендірді. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстары нашар деп бағаланған бірқатар аудан әкімдері де жауап беріп, алдағы уақытта жұмысты жандандыруға уәде берді.

        Облыс әкімі түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігін ескертті.

        — Карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету азаматтарды өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қараудан босатпайды. Эпидемияның жаңа өршуіне жол бермеу үшін біз санитарлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды жалғастыруымыз керек. Халық арасында түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет,- деді ол.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.