Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының №6 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидат Сағындық Азиза Джукеновна сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кандидат ауыл инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту, жастарды қолдау және халықпен ашық байланыс орнату мәселелеріне басымдық беріп отыр, деп хабарлайды TURANINFO.KZ.
Білім саласындағы тәжірибесі
Сағындық Азиза Джукеновна 1982 жылы Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында дүниеге келген.
2003 жылы «Қайнар» университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2019 жылдан бастап «Жас натуралистер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Білім беру саласында еңбек етіп жүрген кандидат ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды мақсат етеді.
Ауыл жолдары мен инфрақұрылым
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту.
Ол жолдарды жөндеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді көздейді.
Сонымен қатар елді мекендерді ауызсумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету және көше жарығын жақсарту мәселелеріне назар аудармақ.
Әлеуметтік саланы дамыту
Сағындық Азиза білім беру, денсаулық сақтау және спорт нысандарының жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдауды жоспарлап отыр.
Кандидаттың пікірінше, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасы маңызды.
Халық сенімі – үлкен жауапкершілік
Сайлауалды бағдарламада тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілуіне атсалысу міндеті де қамтылған.
«Мен үшін депутат болу – халықтың сенімін ақтау, ел мүддесіне адал қызмет ету. Әрбір ұсыныс пен бастаманың нәтижелі жүзеге асуына күш саламын», – дейді кандидат.
Сағындық Азиза Джукеновнаның сайлауалды бағдарламасы аудан тұрғындарының күнделікті өміріне әсер ететін инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәселелерді қамтиды.
Дайындаған: «ID CORP» ЖШС
Тапсырыс беруші: Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының №6 бірмандаттық сайлау округі бойынша кандидат Сағындық Азиза Джукеновна.
Сайлауалды ақпараттық материалдарды жариялау республикалық сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.







