Қазақстан Халық партиясынан Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №9 бірмандаттық сайлау округі бойынша ұсынылған кандидат Талғат Таттыхожаев айналма жол салу және күре жолдан Қарақат ауылына дейінгі жол бойына жарық шамдарын орнату мәселелерін көтеруді жоспарлап отыр.
Кандидат тау суын тиімді пайдалану үшін тау етегінен ауылға дейін науалы канал жүргізуді ұсынады. Құлан ауылында тау жақтан қазылған, қоқысқа толған дренажды тазарту да бағдарламаға енгізілген. Кандидат бұл шараны сел қаупін азайту үшін ұсынған.
Таттыхожаев ауыл тұрғындарының қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін мал жайылымын кеңейтуге ықпал етуді көздейді. Бағдарламада отандық тауар өндірушілерді қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шағын әрі орта кәсіпкерлікке арналған несие тетіктерін жетілдіру мәселелері де қамтылған. Сайланған жағдайда ол жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды қолдап, тұрғындардың ұсыныстарын жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қарауды жоспарлап отыр.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Т.С. Таттыхожаев.
№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







