Қазақстан Халық партиясынан Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №9 бірмандаттық сайлау округі бойынша ұсынылған кандидат Талғат Сайлауұлы Таттыхожаев Қарақат ауылында жаңа мектеп салу, демалыс аллеясын ашу және кең жолақты интернет тарту жөніндегі ұсыныстарын сайлауалды бағдарламасына енгізді.
Кандидат «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында жаңа мектеп құрылысына қаражат бөлінуіне ықпал етуді көздейді. Ол ауыл орталығында демалыс аллеясын жасауға жергілікті кәсіпкерлерді тартуды ұсынады. Бағдарламада Астана, Ақмола, Ақжайық, Сарыарқа және Қостанай көшелері орналасқан жаңа тұрғын үй алқаптарында шағын футбол алаңы мен спорттық жаттығу алаңын салу да қарастырылған.
Таттыхожаев сайланған жағдайда тұрғындардың ұсыныстарын жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қарауды жоспарлап отыр. Бағдарламада әлеуметтік, мәдени және медициналық қызмет көрсететін мекемелермен байланыс орнату да қамтылған.
Талғат Таттыхожаев 1967 жылғы 5 тамызда қазіргі Қарақат ауылында дүниеге келген. 1992 жылы сол кездегі Луговой аудандық ішкі істер бөліміне қызметке қабылданып, 2000 жылы Тұрар Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі болды. 2012 жылы зейнетке шыққаннан кейін газ құбыры нысандарын күзету саласында еңбек етті.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Т.С. Таттыхожаев.
№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







