– Республика күні – егемен еліміздің бірлігі мен тұтастығын айшықтап, мемлекетіміздің мәңгілік іргетасын қалаған айрықша мереке. Бұл – ел тарихындағы маңызды белес, тәуелсіздікке бастау болған күн, – деді облыс әкімі. – Азаттық – қай халық үшін де ең қастерлі ұғым. Тарихтың сын сәттерінде қазақ халқы ел тағдыры үшін бір тудың астына жиналып, ұлт болашағы жолында аянбай күресті.Бүгінде Қазақстан әлемдік аренада өз орнын айқындап, бейбітшілік пен татулық қағидаттарын берік ұстанған тәуелсіз мемлекетке айналды. Президентіміз атап өткендей, «Егемендікке қол жеткізу оңай емес, ал оны сақтап тұру одан да қиын». Сондықтан біз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғап, келер ұрпаққа аман жеткізуіміз қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.
Облыс әкімі өз сөзінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, жамбылдықтардың тынымсыз еңбегі мен табанды талпынысы ел өркендеуінің берік негізіне айналып отырғанын атап өтті.
Жыл басынан бері өңірдің экономикалық өсімі 10,2 пайызды құрады. Барлық салада оң динамика байқалады.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 967,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,3 пайызға артты.
Ауыл шаруашылығында 363 млрд теңгенің өнімі өндірілді, бұл былтырғы көрсеткіштен 3,1 пайызға жоғары.
Инвестиция тарту бағытында да айтарлықтай өсім бар. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 491 млрд теңгеге жетіп, 39,1 пайызға артты. Бұл көрсеткіш бойынша Жамбыл облысы республикадағы жетекші өңірлер қатарында.
Құрылыс саласында 254,9 млрд теңгенің жұмысы атқарылып, өсім 16,5 пайызға өсті. 522,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Әлеуметтік инфрақұрылым да қарқынды дамуда. Биыл 6 денсаулық сақтау нысаны ашылды, жыл соңына дейін 60 жаңа санитарлық автокөлік сатып алу жоспарланған.
Білім беру саласында 26 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 15-і биыл ел игілігіне берілмек. Қазірдің өзінде 7 мектептің құрылысы аяқталды, оның төртеуі – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Сондай-ақ 8 білім ошағы күрделі жөндеуден өтті.
Нәтижесінде 1 апатты, 1 үш ауысымды, 7 орын тапшылығы бар және 6 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешімін тапты.
Спорт саласында да серпін бар: 21 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Биылдың өзінде 2 спорт кешені мен 23 спорт алаңшасы пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 9 нысан іске қосылады деп жоспарлануда.
Жыл басынан бері жамбылдық спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда 1 197 медаль (387 алтын, 318 күміс, 492 қола) жеңіп алды.
Мерекелік шара марапаттау рәсімімен жалғасын тапты.
Ел дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ азаматқа ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Құрмет» ордені, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары табысталды.
Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» медалі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, сондай-ақ облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі мен Құрмет грамотасы салтанатты түрде тапсырылды.
25 қазан – Республика күні Ұлттық мерекесіне орай және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
2025 ЖЫЛҒЫ 21 ҚАЗАНДАҒЫ №1053 ЖАРЛЫҒЫНА
СӘЙКЕС НАГРАДТАЛАДЫ
|
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН |
|||
|
ТҰРАРОВ Ғани Сейлтайұлы |
— |
«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының тау-кен өңдеу комплексінің «Қаратау» электрмен қамтамасыз ету цехының электрослесарі, Сарысу ауданы |
|
|
БӨЛЕКБАЕВ Жұмабек Әбдікәрімұлы |
— |
«Таразэнергоорталық» АҚ президенті, Тараз қаласы |
|
|
БЕЙСЕНҚҰЛОВ Дауыл Ынтықбайұлы |
— |
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы |
|
|
ОРЫНБАЕВА Жанар Рымбекқызы |
— |
Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің хатшысы |
|
|
ОРЫНБЕКОВ Бақытжан Әмірбекұлы |
— |
Тараз қаласының әкімі |
|
|
ЖОЛТАЕВ Талғат Базарбекұлы |
— |
«ALASHPROM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Тараз қаласы |
|
|
ЕРАЛИЕВ Бегалы Ералыұлы |
— |
«ҚазТрансГаз Өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Тараз өндірістік филиалының директоры |
|
|
ЖҰМАНҚҰЛОВ Марат Сейтбекұлы |
— |
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері |
|
|
ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫ Ерлан |
— |
Жамбыл ауданының әкімі |
|
|
ШОРТАНБЕКОВА Фарида Советбекқызы |
— |
№ 66 орта мектебінің директоры, Тараз қаласы |
|
|
III ДӘРЕЖЕЛІ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІМЕН |
|||
|
ӘЛІМБЕТОВ Нұрбай Ордабайұлы |
— |
Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің көлік жүргізуші, Байзақ ауданы |
|
|
ҚАМШИЕВ Қанжарбек Жолшыұлы |
— |
«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Минералды тыңайтқыштар» филиалының «ЭФҚ» цехының машинисі, Тараз қаласы |
|
|
СЕРЖАНОВ Әли Шүкірбайұлы |
— |
«Ауыз су-Шу» коммуналдық кәсіпорнының механигі, Шу ауданы |
|
|
ЦЫМБАЛОВА Наталья Анатольевна |
— |
«ТаразКожОбувь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Аяқ киім өндірісі» цехының шебері, Тараз қаласы |
|
|
КУПЯШАРОВ Исмоил Беласарович |
— |
«Таразстрой-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс учаскесінің бастығы |
|
|
«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН |
|||
|
АМАНШҮКІРОВ Нұр Серікұлы |
— |
Жекпе- жек кәсіпқой спорт клубының спортшысы, Жамбыл облысының Сарысу ауданы |
|
|
АТАБАЕВ Бейсенқұл Серікбайұлы |
— |
«ҚТЖ ҰҚ» АҚ – «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шу жол дистанциясының жол шебері, Шу ауданы |
|
|
АХМЕТБЕКОВА Сәуле Жәнібекқызы |
— |
Отар ауылдық жедел жәрдем бөлімшесінің фельдшері, Қордай ауданы |
|
|
АХМЕТОВА Гүлназ Нұрханқызы |
— |
«Кеңес фельдшерлік акушерлік тірегі» коммуналдық кәсіпорнының учаскелік мейірбикесі, Байзақ ауданы |
|
|
ӘЛІМБЕТ Біржан Әбдікерімұлы |
— |
Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы |
|
|
БЕКТАЙ Аманбек Сейдұғұлұлы |
— |
«Қойшыбай ата» шаруа қожалығының жетекшісі, Талас ауданы |
|
|
ЕРМАХАНОВ Жалғасбек Сағитжанұлы |
— |
«Тараз қалалық Электр Жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кабель желісінің бастығы, Тараз қаласы |
|
|
ЕШЕТОВ Сауытбек Төретайұлы |
— |
«Медеу» шаруа қожалығының жетекшісі, Меркі ауданы |
|
|
ЖҮНІСБЕКОВ Мұхтар Шардарбекұлы |
— |
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының профессоры |
|
|
ИМАШОВА Назира Куанбайқызы |
— |
Ермұхан Бекмаханов атындағы метктеп-гимназиясының мұғалімі, Шу ауданы |
|
|
КЕМБІЛОВА Күлзипаш Мерекебайқызы |
— |
«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы тау-кен өңдеу кешені «Каратау» филиалының операторы, Талас ауданы |
|
|
ОРДАБАЕВА Баян Бұхардинқызы |
— |
«Қали» шаруа қожалығының жетекшісі, Талас ауданы |
|
|
КЕҢЕСБЕК Бекжан Айдарұлы |
— |
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары |
|
|
КИМУРОВ Рашид Рамазанович |
— |
«Шенси» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы, Қордай ауданы |
|
|
КӨДЕКОВ Жұманазар Жұмабайұлы |
— |
«Шапағат ХХІ» қайырымдылық қорының төрағасы, Мойынқұм ауданы |
|
|
КӨКЖАЛОВ Секен Тасыбайұлы |
— |
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалы Луговой станциясының шебері, Тұрар Рысқұлов ауданы |
|
|
ҚҰЛМАНБЕТ Аягөз Тілеуханқызы |
— |
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалының редакторы |
|
|
МАҒЗЫМБЕКОВ Ерұлан Сәбенұлы |
— |
«Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Тараз қаласы |
|
|
МАНАСОВ Берік Жамбылұлы |
— |
«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы |
|
|
ТАЖБЕНОВ Марат Сейтқасымұлы |
— |
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері |
|
|
МӘСЕЛБЕКОВ Докторбек Манатбекұлы |
— |
«AMANAT» партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы |
|
|
НАРМҰХАМБЕТОВ Марат Полатұлы |
— |
«Жамбыл су» коммуналдық кәсіпорнының бөлім бастығы, Тараз қаласы |
|
|
ОРЫМБАЕВ Әсет Дәулетұлы |
— |
«Қордай ауылы №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, Қордай ауданы |
|
|
ӨЗЕКБАЕВ Майтон Әзімханұлы |
— |
«Ғалымжан-1» шаруа қожалығының төрағасы, Сарысу ауданы |
|
|
ТОЙШЫБЕКОВ Әбдікерім |
— |
еңбек ардагері, Мойынқұм ауданы |
|
|
ТҰРЛЫҚҰЛОВА Мағрифа Мырзакерімқызы |
— |
Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты басшысының орынбасары |
|
|
ШАЙМЕРДЕНОВ Асылхан Әуесханұлы |
— |
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, Тараз қаласы |
|
|
ШИШКИНА Тамара Александровна |
— |
«Меркі ірімшік зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зертхана меңгерушісі, Меркі ауданы |
|
|
ІЛИЯСОВ Қонысбай Қуандықұлы |
— |
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық біпрлестігінің Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыру бөлімінің басшысы |
|
|
«ШАПАҒАТ» МЕДАЛІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ |
|||
|
ҮСІБӘЛИЕВА Сәлима Әбдірәсілқызы |
— |
еңбек ардагері, Тараз қаласы |
|
|
Қазақстан Республикасында ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ «БІРЛІК» АЛТЫН МЕДАЛІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ |
|||
|
АПАЕВ Эльдар Хусеинович |
— |
Жамбыл облыстық «Қарашай және балқар – Архыз» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» орталығының мүшесі |
|
|
ТЕРЛОЕВ Абдрахман Абдулхамитович |
— |
Жамбыл облыстық «Вайнах» шешен-инғұш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі |
|
|
Мемлекеттік қызмет саласындағы көпжылғы жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АРДАГЕРІ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ |
|||
|
БЫҚЫБАЕВ Дүйсеналы Дыбысалыұлы |
— |
Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы |
|
|
Мәдениет саласындағы көпжылғы жемісті еңбегі үшін ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН НАГРАДТАЛАДЫ |
|||
|
ҚЫРЫҚБАЕВ Жандар Мұратұлы |
— |
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі |
|
|
МҰСТАФАЕВА Индира Абсаматқызы |
— |
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры |
|
|
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 22 ҚАЗАНДАҒЫ № 139-ӨКІМІНЕ СӘЙКЕС «ОБЛЫСҚА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» белгісімен марапатталады |
|||
|
СӘТТІБАЕВА Әйгерім Бауыржанқызы |
— |
№ 2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокстан жаттықтырушысы |
|
|
СОПБЕКОВ Дәрібай Халмомынұлы |
— |
№ 5 Қалалық емханының балалар отариноларинголог дәрігері |
|
|
АМАНОВ Қайрат Тілеубайұлы |
— |
«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының директоры |
|
|
СЕЙДАЛИНА Эльмира Сатыбалдықызы |
— |
«Жамбыл су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының зертхана бастығы |
|
|
ЖҮНІСБЕКОВА Толқын Әбдімәжитқызы |
— |
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің кафедра оқытушысы |
|
|
НОҒАЕВ Мейірбек Олжабайұлы |
Байзақ ауданы әкімдігінің Отбасын қолдау орталығының директоры |
||
|
ТЕМЕРБЕКОВ Нұрбол Қалхаманұлы |
— |
«Темірбеков» шаруа қожалығының басшысы, Жуалы ауданы |
|
|
СЕЙТОВ Мұхтар Әбдіқалықұлы |
— |
Шоқай Датқа атындағы орта мектебі директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, Сарысу ауданы |
|
|
САҒЫНДЫҚОВ Әліби Нұрмаханұлы |
— |
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің директоры |
|
|
САҒЫМБЕКОВА Дариға Доспанқызы |
— |
Шу аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі |
|
|
ДҮЙСЕНБАЕВ Бақытжан Тұрсынбекұлы |
— |
«Жамбыл Жылу» коммуналдық кәсіпорнының бас инженері |
|
|
ИСАБЕКОВ Жасбол Тойлаұлы |
— |
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы жедел кезекшісі |
|
|
ЖАНҒАЗИЕВА Қамарсұлу Жасұланқызы |
— |
«Арнайы рәсімдік қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары |
|
|
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛАДЫ |
|||
|
ҮСЕМБАЕВА Қамар Бақытбекқызы |
— |
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы |
|
|
ҚАСЫМОВА Қадиша Бөгенбайқызы |
— |
Қостөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Байзақ ауданы |
|
|
БАЗАРБЕКОВА Нұрсара Дүйсеналықызы |
— |
Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы |
|
|
АБДУАЙЫМ Диаз Раушанұлы |
— |
«Медициналық және инновациялық технологиялар» жауапкеоршілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры |
|
|
ҮСТЕМІРОВ Тұрсын Хантайұлы |
— |
«Мойынқұм су-жылу» мамандандырылған көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының бас инженері |
|
|
КӨШЕРОВА Гүлжәмилә |
— |
Сарысу аудандық орталық ауруханасының хируигия бөлімінің санитары |
|
|
НАҒАШБАЕВ Жандос Қосыбайұлы |
— |
«Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Тараз қалалық электр жүйесі электр энергиясын бақылау және тарату қызметінің электромонтері |
|
|
ТОҚБЕРГЕНОВА Аида Ералықызы |
№8 Қалалық емханасының бөлім меңгеруші, сарапшы — дәрігер |
||





















