• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ҚР Мемлекеттік хатшысы Жамбыл облысындағы әлеуметтік және туристік нысандарды аралады

11.12.2021
0
ҚР Мемлекеттік хатшысы Жамбыл облысындағы әлеуметтік және туристік нысандарды аралады
240
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келіп, әлеуметтік және туристік нысандардың жай-күйімен танысты. Жұма, 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге түнгі Тараз қаласын аралап, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағын, «Көне Тараз», «Тектұрмас» тарихи-этномәдени кешендеріне барды. «Арбат» аллеясы «Көне Тараз» кешені мен Қарахан кесенесінің арасын жалғап жатыр. Мұнда ежелгі Тараз тарихынан сыр шертетін 22 травертин тақтасы, 320 метрлік сазды субұрқақ, сәндік элементтермен әрленген орындықтар қойылған. «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің аумағында шолу алаңдары бой көтеріп, Әулие-Атаның 13 метрлік мүсіні, 10 метрлік Лауха (скипетр), қағандардың есімдері жазылған хан шатырлары түріндегі 14 ескерткіш орнатылған. Кешенге кіре берісте Аңырақай және Атлах шайқастарының суреттері бар үлкен барельефті қабырға орналасқан. Ғажайып архитектуралық шешімдермен сабақтаса отырып, Талас өзенінің бойын жағалай салынған «Көне қамал» келушілерге ерекше әсер сыйлайды. Қырымбек Көшербаевтың облыстағы жұмыс сапарының екінші күні Тараздағы үстел теннисі және көркем гимнастика спорт кешенін аралаудан басталды. Құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын нысанның құрылысы жеке демеушінің есебінен жүзеге асқан. Сыйымдылығы 600 адамдық кешен үстел теннисі (300 адам) және көркем гимнастикаға (300 адам) арналған екі үлкен залдан тұрады. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев нысанның әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін халықаралық стандарттарға сай салынғанын жеткізді. Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығында болып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тәубе» атты салтанатты шараға қатысты. Қонақтар қазақ, өзбек, орыс, дүнген, тәжік, башқұрт ұлт өкілдері әзірлеген ұлттық тағамдарының фестивалін тамашалады. Көп балалы аналар ұзындығы 30 метр болатын мерекелік дастархан жайып, барлығына ыстық бауырсақтардан ұсынды.

«Асыл әжелер» ансамблінің, Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйі әртістерінің өнері көпті сүйсіндірді. «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали  мекеменің қызметі қоғамдағы әйелдердің мәртебесін арттыруға, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескере отырып, болашақ аналарды тәрбиелеуге бағытталғанын хабарлады.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ана мен баланы қолдау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

— Ел болашағы – бесіктен басталады. Ана мен бала денсаулығын қорғау Мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі басым бағыты болып табылады. Көп балалы аналарға   жан — жақты қолдау көрсету шаралары жалғаса береді, — деді Қ. Көшербаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: ЖамбылКөшербаевТәуелсіздік

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты