• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚР мәдениет қайраткері Болат Бекжановты еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтті.

turan_admin turan_admin
12.11.2021, 19:48
Аудан жаңалықтары
ҚР мәдениет қайраткері Болат Бекжановты еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтті.
347
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жақында Талас ауданы, Сейілбек ауылдық клубында «Өмірі – өнеге, өнері – үлгі» тақырыбында Шона Смаханұлы атындағы негізгі мектеп ұжымының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, журналист, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Болат Бекжановты еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Еске алу кешіне Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының аға ғылыми қызметкері Ерман Әбдиев, Б.Бекжановтың жұбайы Жалғат Айтуева, белгілі күміс көмей әнші, ақынның замандасы Жақсылық Тұрсынбайұлы, ауыл әкімі Нұржан Мүхтарұлы, ақсақалдар алқасының төрағасы Пана Рахманбердіұлы және ауыл қариялары қатысып, естеліктерімен бөлісті.

Кеш  қойылымына ақынның өлең-жылары арқау болды. Болат Үмбетәліұлын еске алу барысында Ерман Әбдиев жазушы-драматург туралы жан тебірене сөйлеп, оған деген сағынышпен көзіне жас алды.
Өмірде серік, сыңарымсың,
Жыр әнімсің, дедім.
Серт-сөзге берік,
Шынарымсың, ұғарымсың, менің.
Айналып келіп,
Байланар ерік, қазығымсың темір.
Жайқалған желек.
Жаз гүлімсің, Нәзігімсің, керім, – деп ағамыз жыр жолдарын арнаған жан жары Жалғат Айтуева ақынның отбасындағы әкелік орны, қоғам алдында көтерген жүгі, отбасындағы тәлім-тәрбиелік рөлі, ақынның мәнді, мазмұнды ғұмыры туралы сырын көпшілікпен бөлісті. Жалғат Әбдірахманқызы Үмбетәлі атамыздың қара шаңырағына 18 жасынан ақ босағаны аттап, келін болып түскен күннен бастап ақынның өзіне деген, отбасына деген ерекше ықыласын, мейірімін, балаларына деген әкелік орнын биік қоя білген, аяулы жар, ардақты азамат болғанын сөз етті. Туған елін шын сүйетін ақынның шығармалары ертеңгі ұрпаққа сабақ боларына сенім білдірді. Болат ағаның еліне, халқына, туған жеріне, досқа, сондай-ақ махаббат тақырыбына арнаған әндерін тамылжыта орындаған Жақсылық Тұрсынбайұлы «Үштаған» әнінің шығу тарихын, ақынның ән тудырудағы жан толғанысын жеткізе отырып, көрермен көкейіне келелі ой салды.
Талас, Талас, жайлауым, бауырларым,
Бауырластың дертімен ауырғанмын.
Тамырын да тарихын сеніменен,
Толғап тартып отырар ауылданмын, – деп туып өскен Сейілбек ауылымен қоса Талас өңірін жырына арқау еткен, ел тарихының төрінен, елінің жүрегінен өшпестей орын алған ақиық ақынның жырлары әлі де өз заманының, ізбасар ұрпақтарының аңызына айналары даусыз.
Талас, Талас, Тағдырым – өмір-өзен,
Кейде өзіңдей, толқиды, көңіл көзем,
Әр толқыннан Сен де, Мен де,
Тылысым-ғайып тербеген егіз-өлең, – деп ақын туындысына арқау болған Сейілбек ауылының төрінде өткен еске алу кешінде Шона Смаханұлы атындағы негізгі мектептің және Дінмұхаммед Қонаев атындағы орта мектептің оқушылары ақын өлеңін мәнерлеп оқып, арнайы дипломдармен марапатталды. Жеткіншектер келген қонақтардың, ауыл қарияларының ақ батасын алды.
Алмастай жанып өткен, туып өскен елінің байрағы болған жазушы Болат Үмбетәліұлының өмірі кейінгі ұрпаққа өнеге, өнері үлгі ретінде мәңгі жасап, аласармай биіктей беретіні хақ!

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

12.08.2026, 17:50
Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

21.07.2026, 09:02
Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

17.06.2026, 20:42
Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

14.06.2026, 19:39

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.