• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Жамбыл облысына келді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.

24.07.2024
0
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Жамбыл облысына келді
77
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ол өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ бірқатар объектілерде болып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Бірінші вице-министр жұмыс сапарын өңір тұрғындарымен кездесуден бастады, оның барысында «Қаратау» ААҚ бұрынғы жұмыскерлерінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу сомаларын индекстеу мәселесі бойынша жағдай егжей-тегжейлі қаралды және одан әрі іс-қимыл алгоритмі пысықталды.

«Мемлекеттік органдар өкілеттіктер шеңберінде «Қаратау» ААҚ-ның бұрынғы жұмыскерлерінің өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін капиталдандырылған төлемдердің сомаларын төлеу жөніндегі проблемаларын шешу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Бұл жағдай Еңбек министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің ерекше бақылауында», – деп атап өтті Ақмәди Сарбасов.

Кездесуден кейін бірінші вице-министр Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармаларының және ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаментінің басшыларымен өңірдің кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, еңбек құқықтарын қорғау және қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Ақмәди Сарбасов былғары өнімдері мен былғарыдан жасалған аяқкиімнің ең ірі отандық өндірушісі болып табылатын «ТаразКожОбувь» ЖШС-де болды. Кәсіпорын күштік құрылымдарға, әскерге, кәсіпорындарға және күнделікті киюге арналған аяқкиім шығаруға маманданған.

Бұдан басқа,  бірінші вице-министр жаңа облыстық әлеуметтік-оңалту орталығының жұмысымен танысты, ол жерде І және ІІ топ мүгедектігі бар адамдарға әртүрлі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетледі, атап айтқанда: ЕДШ, су астында емдеу, физиотерапия, парафинмен, инемен емдеу, емдік массаж, доктор Бубновский әдісі бойынша емдеу, тұз шахтасы. Әлеуметтік қызмет көрсету мерзімі мүгедектігі бар адамдардың денсаулық жағдайын ескере отырып, 43 күннен 6 айға дейінгі аралықты құрайды. Орталықта жыл сайын
1 мыңға жуық адам оңалтудан өтеді деп жоспарлануда.

Жұмыс сапарының соңында Ақмәди Сарбасов Еңбек мобильділігі орталығына барып, азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстарымен танысты, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ақмәди Сарбасов аймақ тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, оларға егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.

Тегтер: Ақмәди СарбасовҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіТұрғындар тілегі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты