• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:45
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Паралимпиада чемпионын жуалылықтар сән-салтанатымен қарсы алды

Париж төрінде паралимпиадада дзюдодан чемпион атанған спортшы қызымыз Ақмарал Науатбекті жуалылықтар ерекше құрмет-қошеметпен қарсы алды.

turan_admin turan_admin
23.09.2024, 19:57
Облыс жаңалықтары, Спорт
Паралимпиада чемпионын жуалылықтар сән-салтанатымен қарсы алды
254
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Салтанатты шараға аудан басшыларымен бірге ардагерлер кеңесі, шаруа қожалық төрағалары мен кәсіпкерлер, жастар, спорт мектептерінің шәкірттері қатысты.
Еліміздің Әнұраны ойналып, алғашқы құттықтау сөз кезегі Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбековке берілді.

Нұржан Қырықбайұлы 2024 жылы спортшыларымыздың жеткен жетістіктеріне тоқталып, ел тарихында әйелдер арасында тұңғыш әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшымызға алғысын, игі тілегін жеткізіп, облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің Құттықтау хатын оқыды.

Спорт дүлдүлі Ақмарал Науатбекті аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы мен аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Бүрлібаев та құттықтады.
Асхат Базарбайұлы аудан әкімі Жалғас Мұртазаның арнайы Құттықтау хатын оқып, Ақмарал Маратқызына тапсырды.
Сонымен бірге жерлесімізге аудандағы кәсіпкерлер, шаруа қожалық жетекшілері, ел ағаларынан сый ретінде бес миллион теңгелік сертификат пен ықылас гүлін тапсырды. Жаттықтырушысы Айдын Анапинге аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен бір миллион теңге сыйға берілді. Анасының да иығына ақ жаулық пен қазаққы комзол жапты.
Жамбыл облысының Құрметті ардагері, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Әбілқасым Ергебеков споршы қызымызға ақ батасын берді.
Ақмарал Науатбекті «Садыбай-Байтана» қорының президенті Досжан Әлжапаров, профессор Бейсенбай Төлебеков, медицина саласының ардагері Тұрғын Жігітеков, ауданның шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерінің атынан Серік Садиров, Еркебай Нағашыбеков, Сыбанбай Арынов, Әсет Олжабаев, Мұхамеджан Әсемов, Диқан және Қайрат ауылынан Жарас Сармурзин, Бақтыбай Жартыбаев та игі тілектерін білдірді. «Садыбай-Байтана» қорының атынан чемпионның жарына тұлпар мінгізілді.
Салтанатты шарада Ақмарал Науатбек пен мәпелеп өсірген анасы Роза Ергешқызы және әкесінің бауыры сөз сөйледі. Анасы қызының Париж төріндегі ақтық белдесуде жеңіске жеткені ел-жұртының тілегі, қолдауы деп есептейтінін жеткізіп, туған ел-жұртының құрмет-қошеметіне, қолдауларына ризашылығын білдірді.
Ақмарал Науатбек жерлестерінің құмет-қошеметіне, ыстық ықыластарына алғысын білдіріп, алтын медаль жуалылық жас спортшыларға жұғысты болсын деген тілегін жеткізді. Шара соңынан республикалық батагөйлер байқауының жүлдегері Сейітқазы қажы Медетбеков ақ батасын берді.
Одан әрі спортшы Қайрат ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының музейіне барып, Батырдың рухына тағзым етіп, музей жәдігерлерімен танысып, музейге қолтаңба қалдырды. Туған ауылы Диқан ауылында чемпион Аула клубының филиалынан ашылған дзюдо күресі үйірмесінің лентасын қиды. Үйірме мүшелері бүгінде облыстық жарыстарда топ жарып жүр. Мұнда болашағынан үміт күттіретін жас спортшылар көп. Ақмарал Науатбек болашақ чемпиондарға игі тілегін білдіріп, жігерлендірді.
Мұнда да жерлестері спортшыға ақ тілектерін айтып, бата беріп, естелік суретке түсті. Сонымен бірге ауылдық мешітте дастарқан жайылып, ата-бабасына құран бағыштады.
turaninfo.kz
Тегтер: Жуалы ауданыпарадзюдоПаралимпиада чемпионы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.