• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қордайда жол ережелерін өрескел бұзғандар жазаланды

turan_admin turan_admin
08.08.2022, 17:32
Аудан жаңалықтары
Қордайда жол ережелерін өрескел бұзғандар жазаланды
679
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

Ағымдағы жылдың 7 тамызында Жамбыл облысының Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қордай ауылының көшесінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, аспанға қарумен оқ атқан автокөлік жүргізушілерін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Олардың барлығына әкімшілік жаза тағайындалып, автокөліктері айып тұрағына қойылды.

Атап айтқанда, «Lexus 570» маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігімен, мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін 590-баптың 2-бөлігімен және 590-баптың 10-бөлігімен (алдыңғы терезесіне перде салу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы автокөліктің алдыңғы жолаушысы отыратын орнынан қарумен жоғарыға оқ атқаны үшін 21 жасар ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБтК 436-бабының 1- бөлігімен жауапкершілікке тартылып, тіркелген аңшы мылтығы тәркіленіп алынды.

Содан кейін тағы оқ атқан «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 436-бабының 1-бөлігімен және ҚР ӘҚБтК 484-бабының 1-бөлігімен (Қаруды сақтауға iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық қаруды тасымалдау ережесін бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігімен, ҚР ӘҚБтК 230-бабының 2-бөлігімен (ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзуы), ҚР ӘҚБтК 590-бабының 9-бөлігімен (мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама толтырылды. Аңшы мылтығы тәркіленді. Одан бөлек, жолдың қарсы бағытына шыққаны және дрифт жасағаны үшін «Меrcedes-benz S55» маркалы автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен, ҚР ӘҚБтК-нің 230- бабының 2-бөлігімен (ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 630- бабының 1-бөлігімен (жол жабындысын бүлдіру) әкімшілік хаттама толтырылды.

Істің барлық материалдары аудандық сотқа жолданатын болады. Полиция қызметкерлерімен осы той кортежіне қатысқан басқа да автокөлік иелерін анықтап, ұстау бойынша шаралар жүргізілуде. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға жол ережесін қатаң сақтауды қайталап ескертеді!

Естеріңізде болсын, жол — қателікті кешірмейді!

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

12.08.2026, 17:50
Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

21.07.2026, 09:02
Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

17.06.2026, 20:42
Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

14.06.2026, 19:39

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.