• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ҚОР БАСШЫСЫНАН ЖАУАП КЕЛДІ

28.12.2020
0
ҚОР БАСШЫСЫ 7,4 млрд теңге ҚАЙДА КЕТКЕНІ ТУРАЛЫ ЖАУАП БЕРЕ АЛМАДЫ (ВИДЕО)
359
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күні «ҚОР БАСШЫСЫ 7,4 млрд теңге ҚАЙДА КЕТКЕНІ ТУРАЛЫ ЖАУАП БЕРЕ АЛМАДЫ (ВИДЕО)» атты мақала жарияланған болатын. Ақпарат агентіктін электрондық поштасына «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕ АҚ Жамбыл облысы филиалы директоры Мавлюдв Боқаеваның жауап хат (Шығыс № 28-09-44/1686  24.12.2020) келді. Хатта төмендегідей мәтінмен жолданыпты.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕ АҚ Жамбыл облысы филиалы Сіздің медициналық сақтандыруға қатысты ауызша сұрау салуға қатысты келесіні хабарлайды. 

2015 жылғы 16 қарашасындағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» № 405-V ҚРЗ Заңының 1 бабы 3 тармақшасына сәйкес, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі — қор) — аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.

Әлеуметтік әділеттілік пен ортақ жауапкершілік – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (одан әрі — МӘМС) негізгі қағидаттары. Ендігі кезекте әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік адамның өзіне, жұмыс берушісіне және мемлекетке жүктеледі. Қаржы шығындары да ортақ жауапкершілік қағидатымен, «мұқтаждығы аз адамдар көмекке зәру адамдарға төлейді» қағидатымен бөлінеді.

Ағымдағы жылдың 11 айында Қорға Жамбыл облысынан 7,4 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 4,7 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің жасаған аударымдары болса, қалған 2,7 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынцша еңбек ететіндерге тиесілі.

Ал, өткен 11 айда Қор Жамбыл тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 14,9 млрд теңге төледі. Шығынның басым бөлігі стационарлық медициналық көмекке (6,2 млрд теңгеден астамы) тиесілі. Тағы 5,5 млрд теңге халық тарапынан үлкен сұранысқа ие болып отырған КТ/МРТ сынды консультативтік-диагностикалық көмек үшін төленген.

1,04 млрд теңге жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын медициналық қызметтерге, 0,8 млрд теңге стационарды алмастыратын көмекке, 169 млн теңге профилактикалық тексерулерге жұмсалған.

Облыс тұрғындарының биылғы аударған 7,4 млрд теңгеден астам қаражат көлеміне қарамастан, МӘМС пакетінің қаражат көлемі 7,5 млрд теңгеге артық жұмсалғанын байқауға болады.

Яғни, МӘМС жағдайындағы ортақ жауапкершілік қағидаты барлық сақтандырылған азаматтарға табыс пен төлем көлеміне қарамастан, сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етуде.

Қосымшада көрсетілген қаражаттың қозғалу схемасына сәйкес, Төлеушілер аударым мен жарнаны  екінші деңгейлі банк немесе «Қазпошта» АҚ арқылы төлейді. Қаржы мен мәліметтер Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» түседі. Одан әрі Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» алушыға қатысты мәліметтерді тексеріп, төлемді қабылдайды немесе қабылдамайды. Қабылданған жағдайда, қаражат Қордың Ұлттық банктегі есеп шотына түсіп, төлеушілердің тізімі мен төленген сомаға қатысты мәліметтер ҚР Салық органдарына жіберіледі. Төлем қабылданбаған жағдайда,  қаражат төлеушінің екінші деңгейлі банк немесе «Қазпошта» АҚ-дағы шотына қайта оралады.

Сондай-ақ, төлемдердің болуы немесе болмауы, жүзеге асырылған қайтарулар туралы ақпаратты https://egov.kz/ «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады.  Ол үшін «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызметіне тапсырыс беру қажет.

Қосымша: Қаражаттың қозғалы схемасы

Директор                       М. Бокаева 

✍: Д. Бурханов

☏: 8 (7262) 99-94-07

 

Тегтер: МӘМСфомс

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты