• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ОЛАР — ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАР

turan_admin turan_admin
02.07.2021, 13:30
Аудан жаңалықтары
ОЛАР — ҮЛГІЛІ ОТБАСЫЛАР
205
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Отбасы – жаһандық дамудың маңызды элементтерінің бірі. Отбасы құндылығы, оның адамзаттың дамуындағы рөлі көптеген халықаралық нормативтік актілерде көрініс табады. Әр елдің отбасы саясатында отбасы институтын нығайтуға және қорғауға ерекше мән беріледі. Бүгінгі таңда отбасы қоғамды ізгілендіру мен біріктіруге, тұлғаны әлеуметтендіруге шақыратын, кез келген ортада үлгілі отбасы болуға тәрбиелейтін әлеуметтік мәдени институт.

Елімізде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталып, оның облыстық, қалалық, аудандық іріктеу кезеңдері өтуде. Қазақстанда бұл байқау 2014 жылдан бері өткізіледі
Байқаудың мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін қалыптастыру.

Аталмыш конкурсқа ауданымыздан 20 отбасының құжаттары тіркеліп, оның ішінде тиісті комиссия шешімімен ауданның, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан, асыраушысынан айырылған балаларды құшағына басқан, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттап, елімізге танымал болған 5 отбасы анықталды. Көпке үлгі болған жанұларды қабылдаған аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев әкімдіктіктің кіші мәжіліс залында олармен еркін форматта жиын өткізді. Әрбір отбасы өзіндік өмір жолындағы жетістіктері мен марапаттарын айтып, таныстырды. Хаттамалық шешім бойынша көкпардан бірнеше мәрте ел чемпионы болған, ауданның мақтанышы атанған Тазабековтер мен құсбегілікпен қатар, атқа міну мәдениетін қалыптастырып, таз асырап, ұлттық құндылықтарымызды кеңінен дәріптеп, облыстық турнирлерден еншісін алған Ешметовтер отбасы облыстық кезеңге өтті.
Шарада сөз алған Олжас Елебекұлы:

– Шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқаудың маңызы ерекше. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Ендеше әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақ болары анық. Ел аузында жүрген отбасылармен көрісіп, тілдесу – үлкен мәртебе. Келесі кезеңге өткен жанұяларға сәттілік тілеймін, – деді.

Шара соңында барлық отбасыға сый-құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,
Жамбыл ауданы

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

12.08.2026, 17:50
Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

21.07.2026, 09:02
Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

17.06.2026, 20:42
Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

14.06.2026, 19:39

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.