• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ АЯСЫНДА ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

10.08.2021
0
ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ АЯСЫНДА ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
149
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

 

 

 

 

 

 

Облыстағы әлеуметтік-еңбек жағдайларын тұрақты бақылауда ұстап, еңбек даулары мен шиелесністеріне жол бермеу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инпекциясы басқармасында жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Басқармамен облыстық «Ыстық нүкте» картасы әзірленіп, оған облыстың еңбек  тәуекел қаупі жоғары 45 кәсіпорын енгізіліп тұрақты бақылауға алынған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жасақталып, тұрақты бақыланып отырған еңбек тәуекел картасына сәйкес, Жамбыл облысы «тұрақты» деңгейді көрсетіп отыр. Жалпы, облыстың еңбек ұжымдарындағы саяси-психологиялық ахуалы тұрақты. Еңбек қатынастары мәселесіне қатысты орын алған еңбек даулары мен наразылықтар облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияларда тұрақты түрде қаралып келеді.

Жыл басынан  облыста үшжақты комиссиялардың 71 отырыстары өткізілген, оның 5-і облыстық тұрақты комиссия тырыстары, 14 рет облыстық көшпелі комиссия отырыстары, және аудандық-қалалық деңгейде 52 рет өткізілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Е.Есіркепов пен Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Б.Қараулов  ауданға барып, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияларының отырыстарына қатысып, ашық есік күнін өткізіп, аудандардағы аталған саладағы өзекті мәселелердің жай-күйімен танысты. Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бағытында ағымдағы жылы Жамбыл облысының әкімдігі, «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» және Жамбыл облысының жұмыс берушілерінің өкілі арасындағы 2021−2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы өңірлік келісімге қол қойылды. Аталған келісімнің аясында жұмыскерлердің еңбек жағдайларын арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру және басқа да әлеуметтік қолдаулар көрсету мәселелері қамтылды. Облыста әрекет етіп тұрған заңды тұлғалардың саны 10533 бірлікті құраса, оның 6763-ы немесе 64,2 пайызы ұжымдық шарттармен қамтылған. Өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша 9220 кәсіпорын, немесе жұмыс істеп тұрғандардың 87,5 пайызы меморандумдарға қол қойды.

Есепті мерзімге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігі әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша  бекіткен жылдық жоспар кәсіпорындар бөлінісінде 58,2%-ға, еңбек шарттары бөлінісінде 32,6%-ға орындалып отыр. Еңбек қатынастары саласындағы негізгі бағыттардың бірі – қауіпсіз еңбек жағдайларын реттеу мәселесі. Нақтырақ айтқанда, жазатайым оқиғалардың алдын алу мен өндірістік жарақаттанушылықты азайтуға бағытталған облыстық жол картасы бекітіліп, ол бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

 

Тегтер: еңбекқұқықмониторингөтініш

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты