• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыста 9,6 шақырым жылу желісі жаңғыртылуда

Жамбыл облысында 9,6 шақырым жылу желісі жаңғыртылып, 7 шақырым жылу құбыры жөндеуден өтуде

Turan Redaktor Turan Redaktor
25.07.2024, 22:06
Облыс жаңалықтары
Облыста 9,6 шақырым жылу желісі жаңғыртылуда
71
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек баяндама жасады. Оның айтуынша, алдағы жылыту маусымына байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, арнайы штаб жұмыс істеуде.

Өңірде 9 жылу энергетика кешені және 593 автономды қазандық бар. Олардың көмегімен 1 646 көпқабатты тұрғын үй, 1 737 әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етіледі.

2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының дайындық жұмыстарына 15,3 млрд.теңге қаралды.

Биыл Тараз қаласындағы М-1 жылу магистралының 4,6 шақырымы, Қаратауда 4,3 шақырым және Жаңатаста 700 метр жылу желісі қайта жаңғыртылуда.

Сонымен бірге кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 7 шақырым жылу желісінде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Облыста жылу желілерінің ұзындығы 350,7 шақырымды, тозу деңгейі – 55,5 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 54 пайызға дейін төмендейді.

Жылыту маусымында тұрғындарды тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін құрылыс, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары қысқа мерзімде аяқталуы қажет. Мердігерлердің жұмыс жоспарына аса назар аударған жөн, – деді облыс әкімі.

Алдағы жылыту маусымында тұрғындарға 144,8 мың тонна көмір қажеттілігі бар. Бүгінгі күнге дейін өңірдегі теміржол тұйықтарына 12 мың тонна көмір отыны жеткізілді. Өткен жылы 11 елді мекенге газ тартудың нәтижесінде биыл көмірге қажеттілік 5,1 мың тоннаға төмендеп отыр.

Бұдан бөлек, аймақтағы білім, денсаулық сақтау, спорт және  мәдениет нысандарына 62 623 тонна көмір қажет.

Бүгінде мердігерлер анықталып, әлеуметтік нысандарға қажетті көмір отыны жоспарға сәйкес жеткізілуде.

Ербол Қарашөкеев өткен жылыту маусымында көмірдің сапасына қатысты тұрғындардан шағым түскенін еске салып, биыл бұл олқылыққа жол берілмеуі үшін тұрақты мониторинг жүргізуді талап етті.

Кеңес барысында жауапты басқарма басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, сондай-ақ «Таразэнергоорталық» АҚ, «Жамбыл Жылу» кәсіпорнының өкілдері алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы хабарлама жасады.

Жұмыстың сапасы мен нәтижесі қыс мезгілінде көрінеді. Сондықтан дайындық жұмыстары сапалы орындалуы тиіс,– деп Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тегтер: әкімЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысыжөндеу жұмыстарыЖылу желілері
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.