• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.10.2026, 00:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыс орталығы көркейеді

turan_admin turan_admin
17.09.2020, 16:46
Облыс жаңалықтары
Облыс орталығы көркейеді
356
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысында Тараз қаласын абаттандыру бойынша жобалар талқыланды.

Жыл сайын облыс орталығындағы көрнекі орындар қатары артып келеді. Тараздықтар сәулетшілердің ойынан туған жобалардың қалай жүзеге асып жатқанын күнделікті көріп жүр десе де болады. Оның айқын бір мысалы деп «Тектұрмас» этно-тарихи кешенін атауға болады. Соңғы уақытта аумақ айтарлықтай өзгеріп шыға келді. Аймақтың түкпір-түкпірінен тұрғындар сонда ағылуда, шаһар қонақтары да сол жерді көріп қайтуды мақсат етеді.

«Тектұрмас» аумағындағы құрылыс жұмыстары қазір де жүріп жатыр. Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов сол маңайдағы жағажай мен жасанды сарқырама жобасы туралы баяндады. Жоспар бойынша ондағы демалушылар үшін қойылатын орындықтар ұлттық нақышта безендірілетін болады.

«Biz birgemiz» монументі де шаһардың мақтанышына айналуы тиіс. Жоба өз құрлымымен елдегі бірлік пен татулықты әспеттейді. Айта кетейік, монумент коронавируспен күрескен азаматтарға арнап орнатылып жатыр. Көпфигуралы композицияның қақ ортасында жер шары орналасқан. Түрлі мамандық иелерінің мүсіндері оны қол ұстаса айналдырып тұр. Кешен де, монумент те ұлттық нақышта орындалады.

Облыс әкіміне сондай-ақ, Өнер үйі, жастар орталығы, Аса ықшамауданында салынатын аллеялар жобалары да көрсетілді. Жергілікті сәулетшілер жоспарды өзге қалалардағы тәжірибеге қарап әзірлеген екен.

— Әр ғимарат бірегей болуы керек. Бірақ өзара үйлесім де ескерілгені жөн,- деп ескертті аймақ басшысы.

Арман Әбдешов Абай мен Жамбыл даңғылдары біршама өзгеретінін жеткізді.

— Ең бірінші кезекте сауатсыз жарнама ілінген қалқандар, билбордтарды жою керек. Рұқсат етілмеген жерде нысан салып жатқан кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту керек, — деп талап қойды Бердібек Сапарбаев.

Отырыс кезінде сондай-ақ, Гродеково мен Шу қаласын абаттандыру мәселелері де қаралды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49
Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31
Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25
Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

12.10.2026, 15:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.