• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
05.10.2026, 19:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Жамбыл ауданына барып, аудан тынысымен тансып қайтты

turan_admin turan_admin
21.09.2020, 14:00
Жаңалықтар, Заң
Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Жамбыл ауданына барып, аудан тынысымен тансып қайтты
240
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сенбі күні облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Жамбыл ауданына барып, Аса ауылындағы «Өнер» мектебінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында өткен жиынға қатысты. Негізінен облыстағы он ауданның бесеуінде құқық қорғау, әлеуметтік, кәсіпкерлік секілді 5 сала бойынша ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс жасаған. Соның ішінде бұл «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Жамбыл ауданында атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған жиын. Аталған аудандағы ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерімен кездесу барысында Ержан Жұматұлы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сержан Сапарбайұлының, облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрамағамбетованың, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ілесбек Сәрсенбекұлының, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Қырықбайұлының, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожаның атақарған зерделеу жұмыстарының есебін тыңдады.

Жалпы Жамбыл ауданындағы кейбір елді мекендерде интернет жылдамдығы өте төмен екені зерделеу барысында байқалған. Сондай ақ ел арасында жұмыссыздық, жалақының төмендігі, мал жайылымының тарлығы, банк терминалдары мен балалар ойын алаңшасының тапшылығы секілді өзекті мәселелер де жоқ емес. Тұрғындардың аудан бойынша 90 пайызы мемлекеттік тілді меңгергенімен, Гродекова, Жалпақтөбе ауылдарында мемлекеттік тілде сөйлейтіндердің үлесі 44 пайыз ғана екені анықталған. Сұрау салу барысында олардың 90 пайызы қазақ тілін үйренгісі келетінін аңғартқан. Кейбір ауылдарға клуб қажеттігі, кемі 2-3 штатты қажет ететін 300 орындық мәдениет үйінде бір жұмыс штаты ғана бар екені де мәселе ретінде көтерілген. Бұдан бөлек спорттық алаңшалардың жетіспейтіндігі, жастардың 80 мың теңге айлықты азсынатыны белгілі болған. Өз кезегінде Е.Жылқыбаев қоғамда шиеленіс тудыруы мүмкін мәселелерді дер кезінде анықтап, оны шешу үшін нақты жоба ұсынуды тиісті қызметкерлерге жүктеді.

– Экономика мен қоғам өмірі түбегейлі өзгеріп келеді. Әлемдік пандемия дүниежүзін өзгеріске ұшыратуда. Одан бөлек, ғаламдық жаңашылдықтар біздің қоғамға дендеп енуде. Осындай өзгермелі әлемде бір ғана нәрсе өзгермеуі керек. Ол — адамның бойындағы мейірім, жұрттың бір-біріне деген қарым қатынасы. Оны сақтап қалатын біздің тұрақты, іргелі құндылықтарымыз бар. Ол жастарға берілетін отбасылық, ұлттық тәрбие. Жастар бос сенделмеуі, қылмысқа бой алдырмауы қажет. Әр ата-ана өз баласын қадағалап отырса, жақсы тәрбие бере алса, оларға арналған мемлекеттік бағдарламаларды, көрсетіліп жатқан қамқорлықты тиісті орындар дұрыс жеткізе алса, кәсіпкерлікке тартып, арнайы курстардан өтуіне, мамандық игеруіне ықпал етсе, еш жерде жұмыс істемейтін, не оқымайтын NEET жастардың саны азаяр еді, – деді Ержан Жұматұлы.
Жайбарақаттықты халық кешірмейді
Бұдан кейін Ержан Жылқыбаев аудандық орталық аурухананың жұмысымен танысты. Мұндағы жансақтау бөлімінде 6 төсек болғанымен, өкпені жасанды демалдыру апаратының саны бесеу екен. Осы олқылықтың орнын толтыруды, ақхалаттылар індетпен күресте дәрменсіздік танытса, жалған мәлімет беріп жүріп, жағдайға дайын болмай шықса, халық ешқашан кешірмейтінін еске салды. Десе де бұл ауданда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екен, дәріханада дәрі тапшылығы жоқ екені көңіл қуантты. Іссапар соңын Ержан Жұматұлы Жамбыл ауылындағы жаңадан салынып жатқан 100 орындық №1 орта мектептің құрылыс қарқынын байыптаумен түйіндеді. 415 миллион теңгеге салынып жатқан мектептің қазіғі маусым айында қағылғанымен, жұмыс графигінен біршама қалып келеді екен. Жыл аяғында пайдаланылуға берілуі тиіс бұл білім ошағы назарда болатынын, құрылыс жұмысын межелі уақытта аяқтауды жауаптыларға қатаң тапсырды.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

05.10.2026, 19:05
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу

29.09.2026, 17:43
«Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

«Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

18.09.2026, 09:27
Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

07.09.2026, 17:23
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

05.10.2026, 19:05

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.