• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 07:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады

turan_admin turan_admin
17.09.2021, 16:48
Облыс жаңалықтары
Облыс әкімі «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады
171
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев «Жомарт жүрек» сыйлығының облыстық кезеңдегі лауреаттарын марапаттау салтанатына қатысты. Шара Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта, ашық аспан астында өтті.

Айта кетейік, «Жомарт жүрек» сыйлығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен елімізде қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан жанашыр жандарды іздестіру және көтермелеу, оларға қоғамдық назар аудару мақсатында тағайындалған. Аталған сыйлық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында төрт жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

-Қайырымдылық – біздің қасиетті құндылығымыз. Біз қашаннан бір-бірімізді қолдап, көмек көрсетіп, мейірімділік танытып келеміз. Сонау ашаршылық, соғыс кезінде де ата-бабаларымыз ұлтына, тіліне қарамай көпке көмек көрсетіп, қол ұшын бергені белгілі. Сол игі дәстүр әлі де жалғасын тауып келеді.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған «Жомарт жүрек» жобасы біздің өңірімізде де табысты жүзеге асып келеді. Қамқорлықты қажет ететін отбасыларға біздің демеушілеріміз, кәсіпкерлеріміз үнемі қайырымдылық танытып келеді. Бұдан бөлек, облыста «Жомарт түлек» жобасын жүзеге асырудамыз. Ондағы мақсат – табысты түлектерді өзінің мектебіне, туған ауылының әлеуметтік мәселелерін шешуге, өркендетуге тарту, сондай-ақ, олардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсыну. Сонымен қатар, халқымызды бірлікке үндейтін «Асарлатып үй салу жобасын» қолға алған болатынбыз. Ежелден келе жатқан игі дәстүр – асар әдісін қайта жаңғыртқан бұл бастама аясында кәсіпкерлер мен қайырымды жандардың атсалысып, көптеген мұқтаж отбасыларға үй салып беруде. Біз бірлігіміз бен ұйымшылыдығымыздың, табандылығымыздың арқасында барлық қиыншылықты еңсере аламыз,-деген аймақ басшысы барлық қайырымды жандарға алғысын білдіріп, аталған сыйлық лауреаттарын құттықтады.

Бұдан соң, облыстық деңгейдегі «Жомарт жүрек» сыйлығының бірқатар номинациялар бойынша лауреаттарына марапаттары тапсырылды. Атап айтсақ, «Туған өлке» номинациясына Еркінбек Қуатбеков ие болды. Ол Талас ауданы Майтөбе ауылына 18 миллион теңгеге кіші футбол және 1,2 миллион теңгеге Street workout алаңшаларын салып берген. Ал, «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясына ие болған Мүтәлі Әбутәліп М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебіне құны 12 миллион теңгені құрайтын «STEM» лабораториясын сыйға тартқан.

«Жыл меценаты» атанған Талғат Тургумбаев Жуалы аудандық орталық ауруханаға жалпы құны 109 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алып берді. Оның ішінде заманауи құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған реанимобиль, 30 оттегі баллоны, 3000 дана жеке қорғаныш киімдері, медициналық қызметкерлер жұмыс барысында күнделікті пайдаланатын қорғаныс құралдарын және 10 дана оттегі концентраторлары бар.

«Жылдың үздік ұйымы» номинациясын «Жамбыл облысының іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жеңіп алған. Қоғамдық бірлестік ағымдағы жылы Байзақ ауданының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін 500 мың теңгеден астам қаражат жинап, оған Қайнар ауылындағы 19 отбасына азық -түлік сатып алып берген.

Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай (200 мың теңгеден) сыйлықтар табысталды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.